Мәдени мұра Достықтың дәйекті дәнекері
- Толығырақ
Осыдан аттай он жыл бұрын жазылған, ұйғыр әдебиетіндегі сөз әлемінің сан алуан сиқырын бойына сіңірген шайырлардың бірі, марқұм Османжан Қамбарийдың жезтаңдай әнші, Қазақстан Республикасының Халық әртісі Дәнеш ағамыз бен сүйікті жары Рәхила апамыздың арасындағы сүйіспеншілікті арқау еткен «Тебіреніс» атты өлеңін көпшілік назарына ұсынғанды жөн көрдік.
Ұлттар арасындағы, ұлы жандар арасындағы татулық пен достықты, махабатты әспеттейтін бұл өлең көптің көңіл түкпірінен табылып жатса – мақсатымыздың орындалғаны да.
Тебірненіс
О бәлі!
Рәхила апам биімен,
Көрермен көзін жаулады.
Ғашықтық дерттің күйімен,
Дәкең тұр, елдің ардағы.
Қимылды қосып сазға да,
Әсем би ырық бермейді.
Рәхила жалғыз жан ғана,
Басқаны Дәкең көрмейді.
Қос жүрек соқты дүрсілдеп,
Қос арман жатты ашып гүл.
Қаларсың қайтіп сүйсінбей,
Қос бақыт тұрса шашып нұр.
Жезденің жөні бір бөлек,
Әзілің жүрсе жарасар.
Ағылар болса сыр – дерек,
Жандары жақсы жанасар.
Көк ту да көкте шалқымақ,
Жетелеп алға арманды,
Өнерлі жандар жарқырап,
Жарастық әні жалғанды.
Ұйғыршадан тәржімалаған:
Құдайберді Құсайын.