Референдум Қазақстанның болашағын айқындайды

2022-05-23


Қазақстан  Республикасының Президенті Қасым-Жомарт   Тоқаев    Қазақстан    Республикасының   Конституциясына өзгерістер енгізу жобасы   бойынша  республикалық   референдум  өткізу  туралы  Жарлыққа  қол қойды.

     Мемлекет басшысы Ата Заңға енгізілген  өзгерістерді халықтың талқысына салып, көпшіліктің шешіміне  сүйеніп қабылдауды көздеп отыр.
         2022 жылғы 5 маусым – Жалпыұлттық референдум өтетін күн деп белгіленді.
    Осы мақсатта    ауданымызда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Жанарбек Әшімжанов, Жанна Телпекбаева мен Закиржан Кузиевтің қатысуымен  аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Конституция 2022:  Екінші республиканың негізі» атты аудан тұрғындарымен талқылау өтті. Кездесуде халық қалаулылары Конституциялық кеңесі оң қортындысын берген Ата Заңға енгізілген түзетулер мен толықтырулар жайында сөз қозғады.
    Келелі жиында Жанарбек Садықанұлы сөз алып, референдумның маңыздылығына тоқталды. Бұл ел дамуы үшін маңызды қадам, сонымен қатар еліміздегі саяси ахуалға жаңа дем беретін референдум екенін айтып, бір ауыздан атсалысуға шақырды.
    Өз кезегінде Жанна Тілеубекқызы  референдум   біздің болашағымызды айқындайтын үлкен бастама екенін, сондай-ақ мемлекетіміздегі жаңаша бастамаларды қолдап, аудан тұрғындарын дауыс беріп, референдумға  жауапкершілікпен қарауларын сұрады.
    Сонымен қатар жерлесеміз Закиржан Кузиев те аудан тұрғындарын атсалысуға және  аталған өзгерістерді қолдап, «Жаңа Қазақстанды» бірге құруға шақырды.
             Келелі жиында  аудан тұрғындары өзгерістерді  қолдап, жаңа бастамаларды құруға мүмкіндік  аламыз деген  сенімдерін білдірді.       
С.ӘБДІРЕШ.