Халық праймеризге қатысты пікірін білдіре алады

09.09.2020ж

Биылғы жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша праймериз - партиялық-саяси даму тарихында тұңғыш рет республикалық партияішілік сайлау ауқымында өткізіліп отыр. Науқан 17 тамыз күні бастау алған еді.  Қазіргі таңда сайлаудың екінші кезеңі, үгіт-насихат жұмыстары жүріп жатыр. 

Осы бағдарламаларға арнайы primaries.kz сайты арқылы қазақстандықтарды өздерінің сындарлы ұсыныстарын енгізуге және талқылауға шақырады.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет»  ұстанымын ұстанған билік бұл жолы да елдің айтар уәжіне бір сәт тоқталмақ. Сол себепті азаматтарға өз өтініш тілектерін айтуға қолайлы жағдай жасау мақсатында Республика бойынша қолдау орталығы жұмыс атқарады. Аталған орталыққа 8 800 080 4441 телефоны арқылы тегін қоңырау шалуға болады.

«Бұл жобаның ресми атауы «Халыққа көмек» деп аталады.   Осы арқылы көптің пікірін біліп, партияныың жұмысын ілгерлете аламыз.  Белсенді азаматтар өз ой-пікірін «Instagram», «Facebook» (Халыққа көмек парақшасы) әлеуметтік желілерінде  және де «WhatsApp»  8 700 800 44 41 номері арқылы қалдырып сұрақтар қоюға мүмкіндігі бар.  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.   почтасы арқылы да азаматтар өз өтініштерін жолдай алады»,- деді «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Гүлнәр Тойлыбаева.

Сондай-ақ, ХҚКО арқылы партияға өтініш қалдыруға болады. Ол жерде арнайы мамандар партияның сайты арқылы, келген азаматтарға өтініш беруге көмек көрсетеді.

Алматы облысы бойынша «Халыққа көмек» жобасы аясында 2020 жылдың 8 айында қоғамдық қабылдау бөлмесінде 18 747 өтініш тіркеліп, 10 852 (59%) өтініш оң шешімін тапса, 7 895 өтініш бойынша кеңестер берілген.

«Халыққа көмек» жобасы аясында 189 қабылдау өткізіліп, 567 адам қабылданған. 283 адамның мәселесі оң шешілген.

 Айта кету керек, «Nur otan» партиясы облысты дамытудың 7 басым бағытын өз сайлау алды бағдарламасында айқындап берген. Олар:

-         Дамудың жеті басымдығы

-         Экономикалық тұрақты өңір 

-         Өмір сүру үшін қолайлы өңір

-         Әлеуметтік-бағдарланған өңір

-         Жастарға арналған өңір

-         Тарихы мен мәдениеті бай өңір

-         Жергілікті органдар ашық есеп беретін қауіпсіз өңір

 Аталған бағытты атаудағы мақсат-халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын тұрақты түрде жақсарту үшін жағдай жасау

Естеріңізге саламыз праймериз арқылы өңірде 1 мандатқа 5 үміткерден айналып отыр. Бұл үлкен бәсекелестікті тудыратыны анық.

 Алдағы уақытта саяси науқан арқылы нақты және мықты көшбасшылар анықталмақ.