Кәсіпкерлерді қолдау-заман талабы

Шағын кәсіпкерлік мәртебесі  бар заңды тұлғалардың тіркеу үшін рұқсаттан бастап хабарлама тәртібіне көшу 2013 жылдан бері жүзеге асырылады. Осы уақыт ішінде, Үкімет порталы арқылы тіркелген заңды тұлғалар саны артты. Шағын бизнес мәртебесі бар заңды тұлғаны тіркеу үшін сандық қолтаңба болуы қажет.

 

Тіркеу аяқталған соң бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) бар заңды тұлғаны тiркеуді растайтын анықтама алады, ол   «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер базасын автоматты түрде жүзеге асыратын болады. «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы», Заңның 7 бабына сәйкес электрондық құжат құрылуы, аударылуы, сақталуы және электрондық құралдармен ұсынылуы мүмкін. Осы Заңның талаптарына сәйкес келетін электрондық құжат, қағаз құжаттарына баламалы. 2014 жылғы 24 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануымен шағын және орта бизнеске тиесілі, мемлекеттік тіркеу, қызметінің тоқтатылуын тіркеу, алғашқы тіркеу және жою кезінде мемлекеттік баж төлеуден босатылады. Сондай-ақ, Үкімет порталы арқылы заңды тұлғалар туралы, заңды  тұлғаларды тіркеу, заңды тұлғаға және олардың филиалдары мен өкілдіктерін қатысты басқа да ақпаратты алуға болады.

            Кәсіпкерлік субъектілері үшін тіркеу мерзімдері 1 жұмыс күніне дейін қысқартылып бірыңғайланды ( бұрын мерзім 3 жұмыс күнінен 7 күнге дейін қамтылған). 3 құжаттық, жарғы, заңды тұлғаның орналасқан жерін растайтын құжат, салық органдарынан анықтама (басқа заңды тұлға кәсіпорын құратын болса) ұсыну талабы алынып асталынды.

Тіркеу процедурасын оңтайландыру және әкімшілік кедергілерді азайту мақсатында рұқсат құжаты болып табылатын заңды тұлғаны тіркеу туралы куәлік Порталды көпшілікке қолжетімді болып табылатын электронды анықтамамен алмастырылды. Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілерінің құрылтай құжаттарын міндетті нотариалдық куәландыру жөнінде талап алынып тасталынды. Сауда секторы үшін құрылтай құжатына енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды тіркеу процедурасы қажетсіз әкімшілік процедура ретінде танылды. Онымен қоса, шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін ғана емес, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін де Портал арқылы тіркелу мүмкіндігі қарастырылған.

Панфилов  аудандық

Әділет басқармасы.