Жылжымайтын мүлік тіркелімі

Ақпараттандыру саласындағы  мемлекеттік саясатын  іске асырудың негізгі  бағыттары «электрондық үкіметін» қалыптастыру  және мемлекеттік  электрондық  ақпараттық  ресурстарын, ақпараттық жүйелерін, ақпараттық– байланыс желілерін дамыту, оларды қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңістігінде  өзара  іс-қимылы болып табылады.

 

«Жылжымайтын мүлік тіркелімі» Мемлекеттік деректер базасы (әрі қарай – ЖМТ МДБ) ақпараттық жүйесі, мемлекеттік басқару және  әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтерін ұсыну процесстерінің тиімділігін және сапасын көтеру мақсатын қамтитын, «электрондық үкіметі» бағдарламасының маңызды  құрамдас бөлігі болып табылады.

                Азаматтарды және заңды тұлғаларды мемлекеттік қызметтеріне  жылдам және сапалы қол жетімділігін және жылжымайтын мүлікке құқықтарын тіркеу саласындағы ақпараттық – байланыс технологияларын   кең  қолдану жолымен мемлекеттік органдарының нәтижелігін жоғарлату мақсатында, ЖМТ МДБ  әзірленіп, пайдалануға енгізілді.

                ЖМТ МДБ пайдалану жылжымайтын мүлік объектілер (меншік, пайдалану, басқару)   құқықтарының  бірыңғай автоматтандырылған  есебін  жүргізуіне жол береді, бұл бұдан былай  әр-түрлі  ведомстволарына жататын ақпараттық ресурстарымен электрондық   өзара айырбас жүргізуіне жол ашады.

                Қазіргі уақытта, Қазақстан Республикасының Әділет министрінің тапсырмасын орындау мақсатында ЖМТ МДБ -дағы бар мәліметтерін актуалдандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

                ЖМТ МДБ қалыптастыру кезіндегі актуальды мәселелерінің бірі,  тіркеуші органда жылжымайтын мүлік иелері - жеке тұлғалар туралы толық мәліметтерінің жоғы болып табылады. Бұл үйді жекешелендіруді жүргізу  кезіндегі құқық белгілеу құжаттар – пәтерлерді (үйлерді) жекешелендіру туралы  шарттарында тек қана меншік иелерінің  тегі, аты мен әкесінің аты көрсетілген.

                Қазіргі уақытта, әділет органдарымен құқықтық кадастрдан нақты және толық ақпаратты ұсыну үшін Әділет департаментімен «Жеке тұлғалар»  мемлекеттік деректер базасындағы және ЖМТ МДБ бар мәліметтерін  біріктіру бойынша  жұмыс жүргізіледі.

                Осыған қоса, ЖМТ МДБ бар олардың мәліметтерінің толықтығын мен нақтылығын тексеру және жетіспейтін мәліметтерін енгізу үшін тіркеуші органға келу қажеттілігі туралы халық арасында түсіндіру  жұмысы белсенді жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, БАҚ-на жариялау берілді, берілген ақпарат ХҚКО-ның операциялық залдарында орналасқан, мәліметтерін актуальдандыру үшін тіркеуші органға құжаттарымен жолдау қажеттілігі туралы хабарлау жолданды.

                Одан басқа, мәліметтерін актуалдандыру  бойынша  жүргізіліп жатқан жұмыс туралы халықты толығымен ақпараттандыру мақсатында,  меншіктің түрлі нысандарындағы органдарымен және осының ішінде халыққа коммуналды қызмет көрсетіп жатқан мекемелерімен өзара іс-қимыл қалыптасқан.

 М. Сағымбек,

аудандық  Әділет

басқармасының  басшысы,

Қазақстан Заңгерлер 

Одағының мүшесі  .