Қоғамға бейімдеудің қажеттілігі

Қазіргі таңда бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды қоғамға бейімдеу, денсаулығын оңалту, оларды жұмыспен қамту  маңызды мәселелердің бірі. Осындай өзекті мәселелер қаралған комиссия отырысы  30 наурыз күні аудан әкімдігінде өтті.

 

                Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар ішінде белсенді өкпенің құрт ауруына шалдыққандарды емге тарту және ауруларына байланысты диспансерлік есепке қою жұмыстарының жағдайы қаралған комиссия отырысында ШЖҚ «Панфилов аудандық орталық ауруханасы» МКК директорыТ.Сарпеков  атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады: аудан көлемінде 45 сотталып келген азаматтарға медициналық көмек көрсетілуде. Оның ішінде белсенді өкпенің құрт ауруына шалдыққан - 4 адам диспансерлік есепте, оларға тиісті мамандар уақытында ем алуға қызмет етуде. Дегенмен ауруханаға келіп тіркелмеген, іс жүзінде мекен-жайы анықталмаған  3 адам анықталған.

                Аталған  мәселе бойынша аудандық прокуратураның прокуроры А.Тұрсынқызы пробация қызметінің есебінде тұрған  және бас бостандығынан айыру органдарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарын, квоталарды бөлуді қамтамасыз ету туралы ұсынысын білдіріп, тиісті мекемелер осы істі жүзеге асыруға міндетті екенін айтты. Сонымен қатар, аудандық мәслихат депутаты Қ.Ахметқалиев, Т.Сарпеков, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Досмаилов  сотталған азаматтардың соттылығын алу, жұмысқа орналасу кезіндегі кедергілері туралы маңызды мәселелерді көтерді.

                Жалпы аудандық пробация қызметінде наурыз айындағы көрсеткіш бойынша 169 азамат тіркеуде тұр.  Осы ретте тіркеуде тұрған белсенді өкпенің құрт ауруына шалдыққан адамдарға әлеуметтік жәрдемақы беру жайы да сөз болып, сұрақтарға жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы А.Жақыбай жауап берді.

                Комиссия отырысын аудан әкімінің орынбасары Роза Мағрупова қорытындылап, тиісті мамандарға нақты тапсырмалар жүктеді.

Жансая   Кенжебек.

 

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4129011