Адам саудасына –жол жоқ

Қай заманда болмасын адамды қанау, зорлық-зомбылық жасау ең сорақы көрініс және үрей тудыратын құбылыс. Адам саудасы дегенде, әрбір кісінің жеке заңды құқығын ескерместен оларға зорлық-зомбылық жасау, азапты жұмыстарға жегу, адами еркін аяққа таптау арқылы белгілі бір топтардың,

яғни оңай олжаға кенеліп, пайда табудың көзіне айналдыру секілді теріс сипатында көз алдымызда  келеді. Адам саудасы – күшпен қорқыту, алаяқтық, билігін асыра пайдалану  немесе жағдайдың осалдығын пайдалану жолымен, немесе басқа тұлғаны  бақылайтын тұлғаның келісімін алу мақсатында жалдау, тасымалдау, беру,  жасырушылық немесе адамды  иемденуді білдіреді.

    Халықаралық қауымдастықпен игерілген, тиісті халықаралық-құқықтық актілермен бекітілген және танылған құқықтар мен бостандықтар адамның әлеуметтік және заңды түрде қамтамасыздандырған тәртіп шарасы болып табылады. Олар бөлінбес, ажырамас қасиетке ие және адамның жүріп-тұру тәсілін еркін таңдау қабілетінде көрінісін табады, оған қатысты ешкім ешқандай тыйымдар мен шектеулер қоя алмайды.

   Соған қарамастан, біз адамның жалпыға танымал құқықтарының бұзылу мәселесінің өзекті болуының куәгерлері болып отырмыз. Адам құқықтары бұзылуының әртүрлі нысандары пайда болуда, олар-адамның өмір сүруге құқығының бұзылуынан бастап еркін сөзге құқықтың шектелуіне. Соның ішінде, қазіргі кездегі адам құқы0қтары бұзылу нысандарының ең қауіптілерінің бірі – адам саудасы. Әділет басқармасымен бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар жариялау, ұйымдар мен халық арасында кездесулер өткізіп, құқықтық насихат жұмыстарын жүргізуде.

С.Сұлтанов,

 аудандық Әділет басқармасының 

инспекторы.