«Азаматтарға арналған үкіметтің» құрылғанына 8 жыл: цифрландыру мемлекеттік қызметтер саласын қалай өзгертті?

 

8 жыл ішінде Мемлекеттік корпорация 302 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетті.

Бүгінде «Азаматтарға арналған үкімет» арқылы 1281 қызмет түрін алуға болады. Оның 41-і қағаз жүзінде, 486 қызмет – қағаз және электронды түрде және 754-і тек электронды түрде көрсетіледі.

2023 жылдың қорытындысы бойынша сұранысқа ие мемлекеттік қызметтердің көшін бастаған электрондық цифрлық қолтаңба алу қызметі. Оған 3,4 млн реет тапсырыс берілген. Екінші орынға – көлік құралдарын тіркеу, үшінші орынға – жүргізуші куәліктерін алу орналасты.

Қазіргі таңдағы «Азаматтарға арналған үкімет» - бұл еліміз бойынша 263 ХҚКО мен 25 автодромы бар 30 мамандандырылған ХҚКО (арнайы секторларды қоса алғанда), 7 көші-қон қызметтері орталығы және 35 сектор (сұранысқа ие қызметтерді көрсететін бөлім).

"Азаматтарға арналған үкімет" – халық үніне құлақ асатын мемлекеттің бейнесі. Біз арқылы билікке жүгініп, біз арқылы жауаптар алынады және біздің міндетіміз – тиімді әрі жылдам байланыс орнату. Жақын уақыттағы ең өзекті міндет – қазақстандықтар үшін қолжетімді және неғұрлым ашық цифрлық мемлекет құру.