ХАЛЫҚ САНАҒЫ НЕ ҮШІН ЖҮРГІЗІЛЕДІ?

20.08.2021ж

Санақта халықтың нақты саны, жас құрамы, жыныстық құрамы, урбанизация дәрежесі, тексерілген, негізделген басқарушылық шешімдер қабылдау үшін қажетті басқа да ақпараттар назарға алынады.

Санақ барлық жастағы тұрғындарға қажетті жағдай жасаудың есебін білу үшін керек. Атап айтқанда:
-Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған балабақшалар салу үшін;
-Жастарға арналған жатақханалар, мектептер, университеттер, стадиондар және тағы басқа салу үшін;
-Еңбекке жарамды жастағы тұрғындар үшін, кәсіпкерлік нысандарын кеңейту және дамыту үшін;
-Аға ұрпақ үшін, клиникалар, ауруханалар, санаторийлер желілерін кеңейту үшін және т.б.
Яғни халық санағы халық үшін жүргізіледі.