ОРМАН - БІЗДІҢ БАЙЛЫҒЫМЫЗ!

30.07.2021ж

Ормандар - табиғат ерекшелігімен, сұлулығымен жыл сайын көптеген демалушыларды өзіне тартады. Көптеген азаматтар уақытты қаладан алыс және орман қоршауында өткізгісі келеді.

Бірақ табиғат аясында болғанда олар от жағады, сөндірілмеген сіріңкелер мен темекі тұқылдарын тастайды, осылайша орман алқаптарының жануына қауіп төндіреді.
Дәл осы адам факторы орман және дала өрттерінің негізгі себебі болып табылады. Сондықтан қазір ормандарда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау мәселесі аса өзекті болып табылады.
Панфилов ауданы ТЖБ қызметкерлері орман 

алқаптарында алдын алу рейдтерін өткізуде орманшыларға көмек көрсетеді. Бірлескен жұмыстың арқасында өрт ошағын дер кезінде анықтап, оттың одан әрі дамуына жол бермеу шараларын қабылдау мүмкін болды.
Демалушылармен орманда от жағуға жол бермеу туралы әңгіме жүргізіліп, түсіндіру парақшалары тапсырылады. Кейде адамға орманда от жағу қауіпті екенін түсіндіру жеткілікті. Алайда, кейбір азаматтарға мұндай түсініктемелер қолданылмайды, айыппұл салуға тура келеді.
Өрт сөндірушілер орманда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттілігі туралы ескертеді. От жағуға, ормандарда ашық отты пайдалану арқылы өрт 

қаупі бар жұмыстарды жүргізуге, қоқыстарды, құрғақ шөпті және тұрмыстық қалдықтарды жағуға, ауыл шаруашылығы алқаптарын, газбен дәнекерлеу жұмыстарын жүргізуге қатаң тыйым салынады.
А.ӘБІЛ,
аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық
қорғау майоры.