жемқорлықпен күресті жандандыру қажет

27.05.2021ж

БҰҰ-ның құжаттарында қолданылатын жемқорлық терминінің халықаралық-саяси анықтамасы мынадай деп берілген: сыбайлас жемқорлық - мемлекеттік билікті жеке басының пайдасы үшін, үшінші бір тұлғалар мен топтардың мақсаты үшін асыра пайдалану, қарапайым тілмен айтатын болсақ, сыбайлас жемқорлық-бұл қызмет дәрежесін жеке мақсатта пайдалану.

Сыбайлас жемқорлықты білдіретін белгілердің бірі пара алу не беру болып табылады. Пара дегеніміз не? Бұл лауазымды тұлғаның басқа бір тұлғадан лауазымына қатысты көрсететін қандай да бір қызмет түріне берілетін ақша немесе өзге игіліктерді алуы.
Сыбайлас жемқорлық – мемлекет пен қоғамның тұрақтылығына, Қазақстанның қауіпсіздігіне қауіп төндіретін жүйелі қатерді білдіреді, халықаралық аренада Қазақстан Республикасының жағымсыз келбетін қалыптастырып, жүргізіліп жатқан экономикалық және әлеуметтік реформаларға кесірін тигізеді.
Қазіргі таңда қоғамымызға қауіп төндіріп, орасан кесел келтіретін осынау әлеуметтік құбылысқа қарсы шаралар қатаң қолға алынып жатыр. Мемлекеттік міндеттерді атқаратын, сондай-ақ соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттілігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып, не мүліктік пайда алу үшін олардың өкілеттіліктерін өзгеше пайдалану, жеке өзі немесе делдал арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтарды заңсыз беру арқылы сатып алу сыбайлас жемқорлық болып есептелінеді.
Халық арасында жұлын құрт деп аталып кеткен осы дертті жою толықтай жүзеге аспаған мен, оны ауыздықтаудың, тежеудің сәті кейде түсіп, кейде шарасыздықтың белең алатыны да рас. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында қазынашылық басқармада 5-12-74 нөмірлі «Сенім телефоны» орнатылған. Сонымен қатар, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерді қарау тәртібі туралы» Заңның талаптарын сақтамау-сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын себептермен теңесетіні белгілі. Панфилов аудандық қазынашылық басқармасы қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастарын қалыптастыру мақсатында, қазынашылықта тұрақты түрде Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңының баптарын талдап, семинарлар, тесттер ай сайын жоспарға сәйкес өткізіледі.
Ұлы Абай атамыз айтпақшы «Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан, қолы өнерлі қазақтың әулиесі сол» демекші адалдық пен парасаттылықты бірге ұстанып, жұмысымызды адалынан атқарып, Қазақстанның өркендеуіне өз үлесімізді қосып, елдің дамуына пайда келтіре берейік!
М.Нұрғалиева,
аудандық қазынашылық басқармасының хатшысы.