Алматы облыстық мәслихат депутаттары 44 сауал жолдады

27.04.2021ж

Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлау науқанының қорытындысы бойынша Алматы облысы аймағынан 360 адам депутаттыққа сайланды. Бұл туралы «Jetisy Media» ақпарттық алаңында мәлім болды.

 

«Мекеменің алдағы уақытта атқаратын жұмыс жоспары төңірегінде 8 бірдей сессия өткізу жоспарланып отыр. Аталмыш сессиялардың барлығы биылғы жылдың соңына дейін іске асырылмақ. Бүгінгі күнге дейін 3 кезекті, 1 кезектен тыс сессия ойдағыдай өтіп, маңызды деп саналатын 28 шешім шығарылды.

Негізінен облыстық мәслихатта 6 тұрақты комиссия тұрғын-үй, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, ветеринария, экономика, индустриялық-инновациялық мәслелелермен, денсулық сақтау және дін істері бойынша қатынастарды ретке келтірумен айналысады»,- деді Алматы облыстық мәслихатының хатшысы Жанболат Жөргенбаев.

1-ші тоқсан қорытындысы аясында 360 депутат қабылдау өткізіп, 693 адамды қабылдады. Қабылдауда жолданған сұрақтардан 391 өтініш оң шешімін тауып, қалған 302 мәселе бойынша тиісті түсініктеме жсалады және  бақылауға алынды.

Облыстық мәслихат депутаттары 44 депутаттық сауал жолдады. Қозғалған тақырыптар аясын шешу жолдарын қарастыру мақсатында қазіргі таңда жергілікті атқарушы органдар жұмылдырылды.

Айта кетейік, тікелей байланыс орнату үшін қоғамдық қабылдау ұйымдастырылады. Қазіргі таңда депутаттардың қабылдаулары Алматы облысы бойынша 20 аудан-қалаларында және облыстық «Nur Otan», «Қазақстанның халық партиясы», «Ауыл», «Ақжол», «Адал» партияларымен бірге іске асырылуда.

 

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4129951