«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл - әркімнің ісі» тақырыбында байқау өтті

26.04.2021ж
 
2021 жылдың  26 сәуір күні  І. Жансүгіров  атындағы Жетісу  университетінде  Қазақстан  Республикасының  2015-2025 жылдарына арналған сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы стратегиясын  басшылыққа ала отырып, оқу ордамызда «Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл  - әркімнің ісі» атты байқауы өтті. Бұл шара ҚР-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Алматы облыстық департаментінің, Жетісу адалдық алаңының кешенді жоспарына сәйкес жасалды.
Байқаудың мақсаты – көркем өнер саласындағы дарынды білім алушыларды анықтау, эстетикалық тәрбие құралдары арқылы парасаттылық қағидаларын дамыту және білімгерлер арасында достық қарым – қатынасты нығайту болып табылады. 
Арнайы құрылған комиссия мүшелерінің шешімімен  1 орын  Оразбаева Мадина (ҚЭФ), 2 орын Туламбекова Аяжан (ГФ), 3 орын Мамырбаева Аружан (ГФ) иеленді. Байқау жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен, дәрежелі дипломмен марапатталды.
Жастар саясаты жөніндегі проректор Сериев Болат Абдулдаұлы
 
 
Ақпараттық қолдау көрсетулеріңізді сұраймыз.
Құрметпен «JETISÝ MEDIA» КММ.