Жыл басынан Жетісуда 700 отбасы баспаналы болды

2022-12-30


1. Жетісу облысында жыл басынан бері 212 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 325 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Оның ішінде 57-і қолданысқа берілген. 11 ай ішінде мемлекеттік бағдарламалардың барлық бағыттары бойынша 700 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді, оның 517-сі көпбалалы және әлеуметтік осал топтағы отбасы.


Жалпы, өңірде жаңа ғимараттардың құрылысы да қарқынды жүргізілуде. Ағымдағы жылы 16 білім беру нысанының құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 3 810 орындық 12 мектеп бар. 6 мектеп бүгінгі күні ел игілігіне берілді.
Денсаулық сақтау саласында 2,3 млрд. теңгеге 6 объектінің құрылысы жүргізіліп, оның 3 аяқталды. Сондай-ақ, жергілікті бюджеттен  600 млн. теңгеге 12 блокты-модульдік медициналық пункт орнатылды.
--

Күнтізбе

« Ақпан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29      

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4000996