Айқын мақсат жолында

09.04.2021ж

ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаев "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" атты еңбегінде: "Біз алдағы бірнеше жылда гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең жақсы 100 оқулықты әртүрлі тілдерден қазақ тіліне аударып, жастарға дүние жүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасаймыз" деп жастардың сапалы деңгейде білім алуына барынша жағдай жасау керектігін айтқан болатын. Міне, осы бағытта алдымен Ұлттық аударма бюросы қоғамдық қоры құрылды.

 

                "Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық" жобасы қолға алынып, аталған жоба аясында бірнеше жылдың ішінде гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша дүние жүзіндегі үздік университет оқулықтары қазақ тіліне аударылды. Бұл нәтижелі жұмыстар үкіметтік емес және коммерциялық емес «Ұлттық аударма бюросы» деп аталатын қоғамдық қордың негізінде ұйымдастырылды.

                Бүгінде осы "Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық" жобасының аясында К.Швабтың "Төртінші индустриялық революция", Э.Аронсонның "Көпке ұмтылған жалғыз", С.Тер-Минасованың "Тіл және мәдениетаралық коммуникация", Ж.Бейнбриж, Н.Гок, Л.Тайнан бірігіп жазған "Медиа және журналистика: теория мен практикаға жаңа көзқарас" секілді және тағы басқа да көптеген оқулықтар қазақ тіліне аударылып, еліміздің 100-ден астам жоғары оқу орындарына жеткізіліп, білімге ұмтылған жастардың назарына ұсынылып отыр. Сонымен қатар, оқуға, білімге құштар кез келген студент үшін аталмыш оқулықтарды "Қазақстанның ашық университеті" — OpenU.kz порталынан да электронды түрде оқуға барынша жағдай жасалған.

                Айқын мақсат жолында осындай нәтижелі жұмыстар мен жастарға барынша сапалы білім алуға мүмкіндік жасалып жатқаны көңіл қуантады. Алдағы уақытта да әлемнің ең үздік деп танылған көптеген кітаптары қазақ тіліне аударылып, оқырман назарына ұсынылатынына сенеміз.

                                       Б.Серікқызы.