Иман

Жеке меншік мектептер діни білім бере алмайды

 Жақын арада Дін істері және азаматтық қоғам министрі   Н.Ермекбаев журналистерге берген сұқбатында елімізде жекеменшік мектептердің ашылуына қолданыстағы заңнамалар бойынша қандай да бір кедергі жоқ деп санайтынын мәлімдеді.Осыдан кейін кейбір БАҚ құралдары мен жекелеген азаматтар әлеуметтік желілелерде осы ақпаратты дұрыс түсінбестен, жекеменшік мектептер діни негізде оқыта алады деген пікір тарата бастады.

Толығырақ: Жеке меншік мектептер діни білім бере алмайды

Жетісулықтарға «Ғибратты қазына» бағдарламасы ұсынылмақ

Екі айда бір көрсетілетін бағдарлама жергілікті «Жетісу» телеарнасынан берілетін болады. Діни бағдарламаға теолог мамандары және қызуғышылық танытқан адамдар қатыса алады. Онда барлық Алматы облысының тұрғындары көкейінде жүрген сұрақтарына жауап алады.

Толығырақ: Жетісулықтарға «Ғибратты қазына» бағдарламасы ұсынылмақ

Сауатты шәкірт – ел болашағы

Әлемде және елімізде соңғы жылдары орын алған лаңкестік әрекеттер мемлекеттің дін саласындағы саясатқа күрделі өзгерістер жасауға итермелеуде. Осы орайда 2017 жылы «Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы» қабылданып, сол бағытта ауқымды іс-шаралар жүргізіліп қолға алынуда.

Толығырақ: Сауатты шәкірт – ел болашағы

Мектептегі киім үлгісіне ұстаным

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мектептегі қыздардың орамал тағу мәселесіне қатысты өз ұстанымын мәлімдейді.

 ҚМДБ жамағат тарапынан киім мәселесіне қатысты жолданған сұрақтарға шариғат бойынша, балиғат жасына толған мұсылман қызға орамал тағу міндет екенін мәлімдейді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі мұсылман қыз-келіншектер мен әйелдерді киім кию үлгісінде қазақ халқының салт-дәстүрлерін сақтай отырып, жинақы киінуге кеңес береді. Ал паранжа (ниқаб) киюдің салтымызда болмаған, басқа елдің үлгісі екенін де ерекше атап өткеніміз жөн.

Толығырақ: Мектептегі киім үлгісіне ұстаным

Ата-ананы сыйлау - жиһад жасаудан да жоғары

Діни мәселелерге байланысты перзенті ата-анаға деген құрметін жоғалтқанын, ағайынның арасы алыстай түскенін қоғамда көріп жүрміз. Неге дінге бет бұрдық деген кей жастардың ата-анаға құрметі кеміді?

Толығырақ: Ата-ананы сыйлау - жиһад жасаудан да жоғары

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4142075