Дін тағдыры-ел тағдыры

   Бүгінде халық сақалдылардан қорқатын болды. Баяғыда сақал қоя бастаған ата-ағаларымыздың жүзінен шуақ есіп, мейірім төгілуші еді. Қазір сақал қойса кейбіреулердің жүздері, керісінше сұп-суық көрінеді.

 

                Орыстарыңызда  сақал бұрыннан-ақ бар. Қалың ба, мұрт  та  сол , аса  ұзын болған.Тарихшы Дорожкинаның жазуына қарағанда,  орыстар бір замандарда жаппай сақалды, келесі бір кезеңдерде діндарларынан басқаларының бәрі сақалсыз жағдайларды  бастан кешкен. Шыңғыс ханның шапқыншылығы дәуірін де бұрынғы сала-құлаш сақалдары мен салбыраған мұрттарынан арылып, жаппай қырмаққа қіріскен.

            Бірақ естерін тез жиып, христиандық негіздеріне қайта оралған.Бәрбір әр патшаның тұсында әрқилы кезді өткерген. Небір патшалар біресе мұрт пен сақал  өсіру,  біресе бірін алып екіншісін қалдыру, кейде түгелдей сыпырып тастау турасында пәрмендер беріліп, жарлықтар шығарған. 1757 жылы ұлы тұлға М.Ломоносов: «Сақал туралы гимн» жазып жырлаған.ХІХ ғасырлардың өзінде орыс императорлары сақал-мұрт мәселесіне қайта-қайта назар аударған. Дворяндар, шенеуніктер және студенттер сақалдарын қырқып жүруге міндеттелген. Тек кейбір әскер түрлерінің офицерлеріне ғана мұрт өсіруге рұқсат берілген. Кеңес өкіметі тұсында мұрт мәселелері біраз шешіліңкіреді. Орыстарда  да,  өзге ұлттарда  да сақал негізінен ауыл-ауылдардағы қарияларда ғана қалған. Бір таңданарлығы солардың сақалдары мұнтаздай тап-таза, қап-қаралары да, бурылдары да, ақ күмістейлері де сәулелі сезілетіндей еді. Биік-биік маяларды жинайтын шебер шалдардың өзі шекелерін шарт таңған орамалдарын шешіп, сақал-мұрттарын мәпелеп сүрткенде ше, сүйкімді де, сүйікті   көрнетін-ді.

            Бір құрдасымыз сақал қойды.Түк жараспайды. Бет-жүзі жіңішке, қушыңқырап қалған. Құрдаспыз    ғой  «Ешкінің сақалы секілді  ербеңдеген ерсілеу. Әсіресе, қырынан»  деп қалжыңдаймыз. Жүрген жерімізде жиірек сөз ететін нәрсенің бірі - сақал. Әрине, әркімнің  өз  еркінде. Өз құқығы өзінде. Сондағы пікір-сайыстың қызып кететін кездеріне куә болатынымыз рас. Жақында ғана көп адамның көзінше сақал жарықтық төңірегінде талас тағы өрбіді. «Жоқ, гәп сақалда емес, адамның пейіл- пиғылында, нысап ниетінде».Бүгінде жастарымыз білімді, тәрбиелі, саналы, мәдениетті.Біз  соған  қуанамыз. Алайда айтайын  дегеніміз  бүгінгі дініміз туралы. Үлкені бар, жасы бар дінге бет бұрып, жаман әдеттен алшақ болуда. Ол қуанарлық  жәйт. Әйтсе де, сол  жастарымыз  қай  дінде  деген сұрақ туындайды. Жексенбі күні болатын. Әр үйдің есігін қағып бір жігіт жүр. Сақалы өскен, балағын кескен жігіт «ел  жұртты мешітке шақырып жүрмін» деп имандылық, исламды уағыздайтынын жеткізді. Бірақ сөзі қазақша болғанмен киімі араб секілді  жігітке күдікпен қарамасқа шараң жоқ. Өйткені сақалын бей-берекет жіберген, үстінде ұзын етекті ақ көйлегі бар. Бұтына кигені қысқа балақты дамбал. Сайрап тұр. Сөзінің бірін түсінсең, бірін түсінбейсің. Бір ұққаным – мешітке барып, намаз оқымасаң тозаққа түсесің дегені есімде.

            Қазақта сақал жіберудің де өз тәсілі бар.Негізінен шыққан  сақал      уыстап  ұстағанда төрт еліден аспауы керек. Сонда әдемі, жарасымды болып тұрады. Ал, мына жігіттің түрі адам шошырлық. Ертеден ел кезіп жүрген адамды диуана деуші еді, мыналарың солар секілді екен, оның өзі аз болатын. Ал, қазір қаптап жүр. Бұған кім тоқтау салады?  Кейде жұма  күні мешітке барсаң маңайында, ішінде толып  отырады. Сонда бұлар кімдер?

Б.Бейсенқызы.

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4131171