САУАП ПЕН ТӘУБЕ АЙЫ

2023-02-03


Биыл Рамазан айы 23 наурызда басталады.
        Жаратушының күллі мұсылман қауымына берген құлшылық мектебі Рамазан айы биыл 23 наурызда басталады. Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімі 2023 жылғы діни күндер кестесін бекітті.
       Оған сәйкес, қасиетті Рамазан айы 23 наурызда басталады. Қадір түні 17 сәуірден 18 сәуірге қараған түнге түсіп тұр. Ал Ораза айт – 21 сәуір. Сауапқа толы қасиетті ай әр жылы қайта оралып, мұсылманның сабырлылығы сыналады. Ораза ұстауға ниет еткен жан таңнан ақшам уақытына дейін ас, су ішпейді. Тек ауқаттан ғана емес, тілін жаман сөзден, ойын жаман ойдан сақтайды.


        Атап өтерлік жайт, мүфтият діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертті.

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4130991