Экстремизм мен терроРизмнің алдын алу - басты міндет

20.05.2021ж

Жуырда аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында экстремизм мен террозимнің алдын алу мақсатында аудандық комиссияның кезекті отырысы өтті.


Жиын экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында өтті. бүгінгі күнгі ең басты мәселе колледж студенттері мен мектеп оқушыларының діни сауаттылығын арттыру болып табылады. Осы мақсатта адамдар көп шоғырланған ортада «OPENAIR» форматында «Мұны білгеніңіз дұрыс» тақырыбында ақпараттық түсіндірме жұмыстары жасалған. Осы тақырып аясында Жаркент қаласының әкімі мен Пенжім ауылдық округінің әкімдері өзіне қарасты елді-мекендегі діни ахуал туралы баяндама оқыды.
Терроризм мен экстремизмге қарсы күрес жөнінде округтер аумағында бильборт пен баннерлер көрнекті жерлерге ілінген. Округ әкімдері аудандық дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының дінтанушы маманы Жомарт Қонысбаевпен онлайн кездесулер ұйымдастырып, жастарымыз- дың қатысуымен өтіп келеді.
(Өз тілшіміз).