Хиджап - орамал емес

09.04.2021ж

Бүгінде  қоғамның назары  хиджаб мәселесіне  жиі  аударылуда. Біздің     зайырлы қоғамымыз  үшін қауіп  хиджабтың өзінде емес. Мәселе қазақтар  үшін жат мәдениет пен идеологияның енуіне  түрткі болатын, қазақи  қалпымыздан, ұлттық  менталитетімізден,  береке-бірлігімізден  айыруға алғышарт  жасайтын діндарлық формасының  өзгерту  қаупінде  болып тұр.

 

                Өткен  тарихымызға көз  жүргізетін болсақ, қазақ  халқында әйелдер  күнделікті  өмірде жүзін жауып  жүрмеген, өзгелерден  оқшауланып немесе ерлерінің  рұқсатынсыз  басқаларымен сөйлесу  құқығынан  айырылып көрген емес.

                Қазақтың бай сөздік  қорында «хиджаб» деген ұғым мүлде жоқ. Біздің  ата-бабаларымыз «хиджаб» сөзін әйелдер киіміне  қатысты  қолданбаған.

                Қазіргі  уақытта хиджаб туралы  пікірталастарға, жат мәдениет ықпалына сөзсіз еруге, бөтен  идеологияның  жетегінде кетуге қарсы тек  дәстүрлі  ислам ғана тұра алады.

                Қазақ халқы тарихының өн бойыда  өзіне тән діни қағидалар  қалыптасқан. Бізге тек ата - баба  жолын жалғастырып, өзіміздің  дәстүрлі  дінімізді сақтау керек. Халықтың  ғасырлар бойы  жинаған рухани діни  құндылықтарын жинақтап, жаңғыртып, бүгінгі қоғам игілігіне  жаратуымыз қажет. Жан  тазалығына, ар тазалығына негізделген, сыртқы  көріністегі емес,  жүректегі  иманды қажет тұтқан  ұлттық рухани  құндылықтарымызға оралу, оларды кеңінен   насихаттау арқылы  хиджабпен   бүркемеленген жат идеологияға  тосқауыл  қоюға болады.

                Ұрпағымыздың  ұлттық сана-сезімнен,  ұлттық жадынан, ұлттық тарихы мен  мәдениетінен айырылып қалмауы  үшін біз  сырттан келген жат  ықпалға  тойтарыс бере білуіміз қажет.

Б.Бейсенқызы