Өңір тынысы

Өңірдің экономикалық әлеуеті

Жер  жанаты  Жетісудың  оңтүстік шығыс бөлігінде орналасқан  ауданымыздың  экономикалық-өндірістік   қуатын  ұлғайтуда  өңірімізден орын тепкен  «Қорғас-шығыс қақпасы» Шекара Маңы Ынтымақтастығы Халықаралық Орталығы мен Қорғас кедендік бақылау бекетінің, сондай-ақ Қорғас-Жетіген темір жолы магистралының, Құрғақ порт пен келешегі кемел Нұркент қалашығының өркендеп қанат жаюының маңызы алабөтен. Мемлекеттік бағдарламалар бойынша жүзеге асырылып жатқан мұндағы іргелі  іс-шаралардың  ертеңгі  қанат  жаяр  өрісі  көңіл  сүйсіндіреді.

Толығырақ: Өңірдің экономикалық әлеуеті

Әкімдер есебі: халық пен билік арасындағы сұхбат

           Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 Жарлығына сәйкес және    «100  нақты  қадам»   Ұлт  жоспарында көзделген мемлекеттік органдардың халық алдында есеп беру тиімділігін одан әрі арттыру мақсатында  ауданымызда қаңтар айының 16-сынан  31-іне дейін  барлық деңгейдегі әкімдердің халық алдындағы есебі өтті.

Толығырақ: Әкімдер есебі: халық пен билік арасындағы сұхбат

Орталыққа он жыл

Қаңтар   айының 20   күні ауданымыздағы Халыққа қызмет көрсету орталығы өзінің жұмыс істей бастағанына 10 жыл толуын салтанатты түрде атап өтті.Халыққа қызмет көрсету орталығы 2008 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Алғашында Н. Головацкий атындағы ауылда өз жұмысын бастаған бұл  орталық 2009 жылдан  аудан орталығында жұмыс істеуде. Осы жылдар ішінде Панфилов аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы мол тәжірибе жинақтады.

Толығырақ: Орталыққа он жыл

Ұлы ерліктің ұлағаты мол

Аудандық кітапхананың оқырмандар залында Жаркент қалалық кітапханасының кітапханашылары Сәуле Қайрақова мен  Айгүл Жетпісбаеваның ұйымдастыруымен әйгілі Орбұлақ шайқасының 375 жылдығына орай «Ерлік ұмытылмайды» атты  жиын өтті.

Толығырақ: Ұлы ерліктің ұлағаты мол

Ұстаз – ұлағатты тұлға

Жамбыл атындағы орта мектептің директоры Р.Айсаев ұзақ  жылдар бойы білім беру саласында қажырлы еңбек етіп келеді. Жуырда Р.Сейітұлына Қазақстан Республикасының ел бірлігін нығайту, бейбітшілік пен келісімді сақтау және рухани мәдениетті  дамытуға қосқан  елеулі үлесі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалімен, сондай-ақ  «Құрмет  грамотасымен»  марапатталды.

 

Күнтізбе

« Ақпан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28    

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4972432