Өңір тынысы

Тәуелсіздіктің тартуы мол

Еліміздің ең қастерлі мерекесі–Тәуелсіздік күні. Бұл мерекені жыл сайын айрықша  көңіл-күймен атап өтеміз.

       Желтоқсанның 14-ші  жұлдызында аудандық Мәдениет үйінде  Тәуелсіз еліміздің мерейлі мерекесінің 26 жылдығына  арналған салтанатты жиналыс өтті.

Толығырақ: Тәуелсіздіктің тартуы мол

Марапатыңыз құтты болсын

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 5-желтоқсандағы Жарлығымен Мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін аудандық «Жаркент өңірі» газетінің директор-бас редакторы    Бағдат  Айтмұқаева  «Шапағат» медалімен  марапатталып  отыр.

Толығырақ: Марапатыңыз құтты болсын

Еңбек абыройға бөлейді

«Ер  мерейі-еңбекпен»  деген  емес пе, республика  көлемінде  тәтті  түбір  -  қант  қызылшасының   отандық өнімін өндірумен тікелей айналысатын бірден бір  бірегей  шаруашылық  «Қамқорлық»  жауапкершілігі  шектеулі серіктестігінің басшысы - Әлен  Жолдасов  Қазақстан  Республикасы  Ауыл  шаруашылығы Министрлігінің  «Ауыл  шаруашылығы  саласының   үздігі»  төсбелгісімен   марапатталды.

Толығырақ: Еңбек абыройға бөлейді

Ауданға жаңа әкім тағайындалды

Аудан әкімшілігі  ғимаратының  мәжіліс  залында  аудан  активі  өтті. Онда Алматы облысының  әкімі Амандық Баталов сөз сөйлеп, Панфилов ауданының әкімі қызметіне аудандық  Мәслихат депутаттарының  келісімімен  Темірлан  Амангелдіұлы  Бектасовтың   тағайындалғанын  хабарлап, әкімнің өмірбаянымен  таныстырды.

Толығырақ: Ауданға жаңа әкім тағайындалды

Жылы шырайлы жүздесу

  Желтоқсанның  14-ші жұлдызы күні  аудан  әкімі Бердәулет Ешенұлы Абдулдаев әйгілі Желтоқсан оқиғасына  қатысушылар:   Панфилов  аудандық  «Жаркент  өңірі» газетінің директор –бас редакторы Бағдат Айтмұқаева мен Сарыбел ауылының  тұрғыны  Ерік  Шәймерденовті   қабылдады.

Толығырақ: Жылы шырайлы жүздесу

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4159933