Жетісу облысы су айдындарында адам өлімінің 2 фактісі тіркелді
- Толығырақ
- Жарияланды 25.07.2024 10:18
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 62
2024-07-25
Маусымның басынан бастап су айдындарында төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары 22 адамды, оның ішінде 6 баланы құтқарды. Құтқарушылар жеке бассейндер мен демалыс аймақтарының қызметкерлерімен судағы қауіпсіздік бойынша практикалық және теориялық сабақтар өткізуде. Қазіргі уақытта барлығы 19 нұсқаушы оқытылды.
Жетісу облысының аумағында 13 қала сыртындағы лагерь бар. 3-21 маусым аралығында Қарлығаш, Тамшыбұлақ, Алтын Чажа, Жансая, Жылан, Көк төбе, жеке Жетісу Шағала, Оффлайн демалыс, Бастау, Қарлығаш, Zhylandy Ethno Camp, Zhylandy Ethno Camp1 сауықтыру лагерлері өз жұмыстарын бастады. Облыс аумағында 5 277 бала лагерьлерде демалуда. Сонымен қатар, 235 бала Балқаш көліне және 150 бала Қапшағай су қоймасына барды. Балаларға шомылуды бастамас бұрын ТЖД қызметкерлері судағы қауіпсіздік бойынша нұсқаулық өткізді.