Тәуелсіздіктің тартуы мол

Еліміздің ең қастерлі мерекесі–Тәуелсіздік күні. Бұл мерекені жыл сайын айрықша  көңіл-күймен атап өтеміз.

       Желтоқсанның 14-ші  жұлдызында аудандық Мәдениет үйінде  Тәуелсіз еліміздің мерейлі мерекесінің 26 жылдығына  арналған салтанатты жиналыс өтті.

        Мемлекеттік  Гимннен  соң   сахна  төріне аудан әкімі Бердәулет Абдулдаев  көтеріліп, барша жаркенттіктерді мерейлі мерекемен  құттықтады.

       Салтанатты жиналыста зейнеткер Сағымбек Үшбаев, ұйғыр этномәдени орталығы жанындағы мәдениет кеңесінің төрағасы Әкваржан Исмайлжанов, Жамбыл  атындағы орта мектептің мұғалімі   Наталья   Бородулина   мерекелік  құттықтау тілектерін  жеткізді.

                Салтанатты жиында аудан әкімі еңбек азаматтарының үлкен тобына  аудан әкімінің «Алғыс хаттарын», бір топ азаматқа  Панфилов ауданының «Құрметті азаматы»  деген төсбелгі  мен атағын салтанатты жағдайда табыстады. Осындай үлкен құрметке  бөленгендердің қатарында еңбек озаттары мен ардагерлер А. Жақыбай, С.Сайдуллаев, С.Нұрғалиев, С.Алтынбеков,  А.Ходжамбердиев, С.Жұмаділов, Ж.Тұрғанбеков және басқалары болды.  Марапатқа ие болғандар атынан еңбек ардагері  С.Нұрғалиев сөз алып, өздеріне көрсетіліп жатқан құрмет үшін аудан әкіміне, аудандық Мәслихатқа шынайы алғысын білдірді.

                Салтанатты жиын соңы көркемөнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласты.                           

 Б.Тлеухан.