«КІТАП– АЛТЫН ҚАЗЫНА»

2024-04-26


Күні кеше Жаркент қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен, Жаркент қаласындағы Жамбыл орта мектебінде 23 сәуір «Кітап - алтын қазына» атты «Кітап шоу - 2024» фестивалі өткізілді.


Фестивалдің мақсаты-балалардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру, кітап оқуға насихаттау, рухани байлығын дамыту, кітап оқуға қызығушылығын арттыру.
Фестивалға 5 - 6 сынып оқушылары қатысып, ән-билерін және кітап туралы жыр шумақтарын мереке күніне тарту етті.
«Кітап шоу - 2024» фестиваліне «Кітап біздің досымыз» атты ұйымдастырылған кітап көрмесін А.Жетпісбаева таныстырды.
Айгүл СӘЛИҚЫЗЫ.