Ағаш отырғызу - сауапты іс

08.04.2024ж

Көктал ауылдық округінде көктемгі ағаш егу акциясы ұйымдастырылды. Көгалдандыру науқанына елуден астам адам қатысып, 300 түп ағаш отырғызды. Бүгінде ауданның барлық округінде ағаш отырғызу жұмыстары басталып кетті. Игі шарадан Қоңырөлең ауылының қариялары мен жастары да қалыс қалмады.

Сондай-ақ бұл экологиялық шара ауданда да өтіп, мемлекеттік қызметшілер бюджеттік және қоғамдық ұйымдардың, этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері, жастар қатысты.