«Халыққа көмек» партиялық жобасы аясында қабылдау өткізілді

2023-11-10


Панфилов аудандық мәслихат депутаты Мұрат Әлімжанұлы «AMANAT» партиясы Панфилов аудандық филиалында аудан тұрғындарының арыз-өтініштері бойынша кезекті қоғамдық қабылдауын өткізді.

 

Қабылдауға келген тұрғындар көкейдегі мәселелерін алға тартып, біршама талап тiлектерiн жеткізді. Атап айтар болсақ несиені уақытылы төлей алмау, жер телімін алу және түрлі әлеуметтік мәселелер.

 Қабылдау барысында аудан тұрғындарымен тілдесіп, оларды толғандырған мәселелерін тыңдап, ұсыныс-тілектерін жинақтап, әр қойған сұрақтарына тиісті жауап берілді.