ЕҢБЕК МЕРЕКЕСІ – ЕЛДІҢ БЕРЕКЕСІ

2023-10-06


  Қыркүйек айының соңғы  жексенбісінде Қазақстанда Еңбек күні атап өтілді. Осы дәстүр ауданымызда да өз жалғасын тауып,  құрмет көрсету дәстүрлерін жаңғырту және ерте жастан еңбектің маңыздылығын түсіну мақсатында өтті. Бұл күнді  мерекелеудің  негізгі  мақсаты  өнімді  еңбекті ынталандыру, жастар арасында жұмысшы  мамандықтарды  насихаттау болды. Шараға мектеп оқушылары да келіп,  өздеріне  керекті мәліметтерді алды.


    Міне, бүгінгі өңірімізде өткен «Еңбек түбі – береке» атты мерекелік шараға ауданымыздың жастары белсене атсалысты, сондай-ақ шараның бірінші бөлімінде ауданымыздағы көркем еңбек пәнінің ұстаздары да осы күнге арнайы өздерінің оқушылары қолдан  жасаған ерекше бұйымдарын алып келіп, көрермендерді көзайым етті.
    Екінші бөлімде мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге ауданымыздағы мекемелер келіп, жұмыссыз жүрген жандарға бос орындарды ұсынды. Жәрмеңкеге 50 жұмыс беруші қатысып,  143 бос жұмыс орын ұсынды. Осы жәрмеңкеге 100-ге жуық адамға жұмыс туралы кеңес берілді. Нәтижесінде жастар практикасына 2, кәсіптік оқытуға 5, тұрақты және уақытша жұмыстарға бүгінгі күнге дейін 20-ға жуық адам орналасты.
    Сонымен қатар, шарада аудан әкімінің орынбасары  Қанат Досмайлов  сөз сөйлеп, қай салада қызмет атқарсада еліміздің дамуына белсене аралысып жүрген жандарға құрмет көрсету керектігін, сондай-ақ жастарға үлгі болу керектігін де мәлімдеп өтті.
    Жиын соңы аудандық Мәдениет үйінің қызметкерлері ұйымдастырған концерттік бағдарламасымен ұласты.