Жетісу облысында 2023 жылғы шомылу маусымына дайындық мәселелері қаралды

2023-05-04


 

Жетісу облысының Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының отырысы өткізіліп 2023 жылғы шомылу маусымына дайындық мәселелері қаралды. Судағы адамдардың жазатайым оқиғаларын болдырмау мақсатында, демалыс аймақтарының иелерімен оқытылған құтқарушыларымен ведомстволық құтқару бекеттерін ашу бойынша жұмыс жүргізілуде. Жетісу облысындағы шомылу маусымына дайындық туралы ақпаратпен облыстық ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Бағдат Тыныбек Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында бөлісті.

Бүгінде қоғамдық орындарда суда жүріс-тұрыс ережелерін түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Белсенді профилактикалық жұмыстар бұқаралық ақпарат құралдары арқылы судағы төтенше жағдайлардың алдын алу және судағы қауіпсіздіктің негізгі ережелерін сақтау бойынша ұйымдастырылды. «2023 жылғы шомылу маусымы кезеңінде облыстың су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспары» бекітілді. Қосымша жергілікті бюджеттен 36 мыңнан астам үгіт-насихат материалдарын  сатып алуға 1 млн 305 мың теңге бөлінді», – деді спикер. 
Атап өтейік өткен жылы шомылу маусымында өңірде суға батып кеткен адамдардың 2 фактісі тіркелген. Ал 2021 жылы 8-і тіркелді. Яғни, қауіпсіздік шаралары өткен жылы 75 пайызға артқан.
«Шомылу маусымы 1 маусымнан 31 тамыз аралығында жалғасады. Осы  кезеңде азаматтардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиісті нұсқаулар берілді. Бұл бағыттағы жұмыс қатаң бақылауда және шомылу маусымы аяқталғанға дейін жалғасады», – деді Бағдат Тыныбекұлы.

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4127967