Жетісу облысында жыл басынан бері 121 жол-көлік оқиғасы тіркелген

2022-12-02


«Жол ережесін сақтамаудың нәтижесінде өңірімізде жыл басынан бері 44 адам қаза тапты. 186 адам түрлі жарақаттар алды. Аса қауіпті кез – қыс мезгілі. Қыста көлік жүргізушілері көлігіне отырған барлық адамның өміріне жауапты екенін сезінуі тиіс. Төтенше жағдайлар департаменті мен «Қазавтожол» қызметкерлері тарапынан  қысқы мезгілге жол дайындығы жұмыстары арнайы бұйрыққа сәйкес жүргізілуде. Тайғаққа қарсы қажетті жабдықтар алынып, қар тазартатын техникалар әзірленген», - деп хабарлады өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте сала мамандары. 2022-2023 жылғы қыс мезгіліне  дайындық жұмыстары жайында  Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаменті Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Ринат Қарандашев пен «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Алматы облыстық филиалы директорының орынбасары Шыңғысхан Мұратбекұлы баяндады.

 

«Жетісу облысы бойынша жолдардың жалпы ұзындығы – 4 мың шақырым. Қысқы уақытта жол қызметімен 1034 км жол қамтылған, оның ішінде 548 км «Қазавтожол» ЖШС күшімен қағаланады.  Бүгінгі күні мердігер компаниялармен жолдардың қыс мезгіліндегі дайындық жұмыстарына 75 бірлік техника дайындалды», - дейді Шыңғысхан Мұратбекұлы.

Облыс аумағында қар борайтын 403 км жол бөліктері бар. Жыл сайын қысқы уақытта ауа-райы қолайсыздығында қар құрсауында 100 ден астам жүк және жеңіл көліктер қалып қояды. Бұл адамдардың өміріне  қауіп-қатер төндіреді.

«Қыс мезгілі басталған сәттен алғашқы көмек көрсететін 5 құтқару шарасына қатыстық, 4 адам құтқарылып, 19 адам төтенше жағдай аумағынан эвакуацияланды, 12 бірлік техника шығарылды. Республикалық және облыстық жолдарда 14 рет көлік жүрісін шектеу шарасы қолданылды. Тұрғындарды алдын ала хабарлау мақсатында 48 SMS-хабарлама жолданды», - дейді Ринат Қарандашев.

Облыс аумағында 2 жол-медициналық құтқару пункттері жұмыс жасайды, бұл пункттер сонымен бірге жылыну орындары есебінде қолданылады. Бұдан бөлек 30 жылыну орындары, жол-пайдалану басқармасы базаларында 3 пункт, 18 пункт елдімекендердің орта мектері базаларында, 2 тамақтану пункті (жол бойындағы асханалар), 1 автобекет бар. Төтенше жағдайлар департаменті тарапынан Камаз бен Урал базаларында 6 жылжымалы жылыту пунктілері бар.

 Қысқы мезгілде алдын ала хабарлау шараларын жүзеге асыру барысында 2500 ден астам насихат құралдары таратылды, оларда  қыс мезгілінде қауіпсіздік ережелері  көрсетілген.

Облыс аумағындағы жолдарда орын алуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында 237 адам мен 79 бірлік өтімділігі жоғары техника жұмылдырылған.

«Қысқы мезгілде алыс жолға шықпас бұрын ауа-райы туралы мағлұмат алып, оның өзгеруі жайында алдын ала жолданатын SMS хабарламаларға  назар аудару қажет», - деп ескертеді спикерлер.

Әрбір көлікте міндетті түрде оқыс оқиға орын алса ең қажетті заттар болуы керек. Олар: дәнекерлеу шамдары, кабельдер, доңғалақ тізбектері, күректер, парафинді шамдар, сонымен бірге жылы киім, қажетті заттар, азық-түлік пен су қоры.

Қатты аяз немесе қар жауған кезде бірнеше көліктермен бірігіп топтасу керек, төтенше жағдай орын алса басқа жүргізушілер көмекке келе алады.

Егер сіз қарлы боранға түсіп көлігіңіз тоқтап қалса:

- «112» нөмірі бойынша көмек шақыру қажет;

- дабылды қосу арқылы дабыл қағыңыз және машинаның антеннасына жарқын матаны іліп қойыңыз;

- көлік есіктерін кезекпен ашыңыз, артқа қарай жылжытыңыз, қар үйіндісін бұзыңыз, сонда ол шығуға тосқауыл қоймайды;

- - мүмкін болса, көлікті жел бағытына қарай тоқтатыңыз, бұл көлік түтінінің шығару құбырына қайта кіруіне тосқауыл болады.

- көліктің газ шығаратын құбырын қардан тазартып, улы газдың көлік астына емес ашық ауаға шығуына жол ашыңыз.

 

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4142907