- Толығырақ
-
Жарияланды 01.06.2022 10:22
-
Автор: Super User
-
Категория: Өңір тынысы
-
Қаралды: 594
2022-06-01
2022 жылғы сәуір мен 01 шілде аралығында "Еңбек Жолы"конкурсына қатысу үшін үміткерлерден өтінімдер қабылдау басталады. Конкурс «Үздiк еңбек әулетi», «Өндiрiстiң үздiк жас қызметкерi», «Жұмысшы жастардың үздiк тәлiмгерi» номинацияларынан тұрады.
Аталған конкурс жастарды еңбекке құрметпен қарау, еңбек дәстүрлерiн сақтау және көбейту рухында тәрбиелеу мақсатында үздiк еңбек әулеттерi мен өндiрiс қызметкерлерiн анықтайды. Конкурс қоғамдағы еңбек адамының мәртебесiн арттыруға және «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы» ұраны аясында еңбек өнiмдiлiгiн ынталандыруға ықпал етедi.
Конкурс 2 кезеңде өткізіледі: өңірлік деңгейде және республикалық деңгейде "Еңбек Жолы" конкурсының жеңімпаздарын іріктеу.
Республикалық комиссия әр номинация (бірінші, екінші және үшінші орындар) бойынша жеңімпаздарды анықтайды.
Конкурсқа кәсiпорындардың (саласына қарамастан) барлық қызметкерлерi қатыса алады.
«Үздiк еңбек әулетi» — ең ұзақ еңбек өтiлi, ең көп марапаттары бар ең үлкен әулет таңдалады.
«Өндiрiстiң үздiк жас қызметкерi» — өндiрiстiң еңбек өтiлi 5 жылдан аспайтын ең белсендi және еңбекқор қызметкерi таңдалады.
«Жұмысшы жастардың үздiк тәлiмгерi» — кемiнде 20 жыл жұмыс өтiлi бар ең белсендi және тиiмдi тәлiмгер таңдалады.