РЕФЕРЕНДУМНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

18.05.2022


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының халыққа арнаған Жолдауында Конституциялық Сот құрылады деп атап өтті. Енді нормативтік-құқықтық актілер олардың конституциялық құқықтарын бұзады деп санайтындардың бәрі Конституциялық Сотқа жүгініп, қорғауға ие бола алады. Бұл біздің азаматтарымыз үшін жаңа мүмкіндік. Конституциялық Соттың мұндай моделі көптеген дамыған елдерде бар және ол заңның үстемдігін орнатуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Конституциялық Сотқа жүгіну құқығына Бас Прокурор мен Адам құқықтары жөніндегі уәкіл ие болады.
Бұл азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуымен жиі бетпе-бет келіп, нормативтік-құқықтық актілердің Конституцияға сәйкестігі туралы мәселені көтере алатын адамдар. Бұл туралы Референдумды түсіндіру тобының мүшесі, аудандық мәслихат хатшысы Шоқпаров Ерғали Отарғалиұлы және Референдумды түсіндіру тобының мүшелері Шолақай ауылдық окургіндегі Бусаков атындағы орта мектеп қызметкерлерімен өткен кездесуде айтып өтті. Келелі кездесуде алдағы өткелі тұрған жалпыхалықтық референдумның маңыздылығы бойынша түсіндірме жұмыстары жүрізілді.
Ел тағдырын айқындайтын осынау маңызды шақта ешкім шет қалмауға тиіс. Барша халық тарихи таңдауды жасауда бір болатынына сенемін. Еліміздің болашағы біз бен сіздің қолда – деді Ерғали Отарғалиұлы.