Алматы облысында Тұңғыш Президент күні қалай атап өтілді?

02.12.2021ж

Тұңғыш Президент күніне орай Алматы облысында бірқатар маңызды іс-шаралар өтті. Мәселен, Іле ауданында қуаттылығы тәулігіне 30 тонна дайын ұнтақ болатын "Дәулет-Бекет" ЖШС құрғақ түйе сүтін өндіретін зауыт іске қосылды. Өнімдері отандық нарық пен қоса Ресей, Қытай, Түркия, Германия және Францияға шығарылмақ.

Ауданда Мемлекет басшысының  "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында 22-ші ауыл әкімдігі "ашық әкімдік"форматында өз жұмысын бастады.
Ал, Жамбыл ауданының Үңгіртас ауылында ауылдық мәдениет үйінің салтанатты ашылуы өтті. Ғимараттың жалпы ауданы 698,5 шаршы метр. Мәдениет ордасында 200 орындық көрермен залы бар.
Мереке қарсаңында, Көксу ауданында 16 метрлік тутұғыр орнатылды. Тудың  ұзындығы – 1,5, ені – 3 метр. Мейрам күні Алакөл ауданында 150 балаға арналған балабақша ашылды. Атап өту керек, айдынды өлкеде мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз етілу деңгейі 99,6 пайызға жекен.
Алматы облысы әкімінің дәстүрлі "Көшбасшы-2021" жастар сыйлығын табыстау салтанаты да мереке қарсаңындағы айтулы жаңалықтың бірі болды. Түрлі салада көш бастап, жетістікке жеткен, тыңнан түрен салған Жетісулық жыл үздіктері 20 номинация бойынша марапатталып, ақшалай сыйлыққа ие болды. 
Сондай-ақ, "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Талдықорғанда Қазақ және орыс тілдеріне аударылған Ағылшын авторларының британдық «Томас, Люси және Алатау» және «Ұлы Дала саяхатшылары» атты  екі кітаптың тұсауы кесілді. Іс-шараға онлайн-байланыс режимінде ҚР Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті елшісі Ерлан Ыдырысов қатысып, Қазақстан мен оның халқының тарихына қатысты екі кітаптың аудармасын басып шығарғанын атап өтті.
Сондай-ақ, Ескелді ауданында мерекеге орай Алматы облысында қатарынан 24 рет Ұлттық спорт түрлерінен "Сонар – 2021" республикалық турнирі өтті. Биылғы жылы жарысқа республикадан 11 команда қатысты. 80-нен астам құсбегі өз шеберліктерін көрсетті. Арасында, халықаралық және республикалық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпаздары бар.
Жалпы, өңірде мерекеге орай 30 спорттық-бұқаралық іс-шара ұйымдастырылды. Жетісудағы жағымды жаңалықтар мұнымен шектелмейді. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай аймақта бірқатар ірі инфрақұрылымдық, индустриялық және әлеуметтік-мәдени нысандар ашу жоспарланып отыр.

Күнтізбе

« Шілде 2022 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

booked.net

  • Материалды қарау саны : 2635142