Қасенов Әсет Рахимгелдіұлы

15.07.2021ж

Қасенов Әсет Рахимгелдіұлы
1984 жылы 4 сәуірде Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласында дүниеге келген.
Қазақстан Республикасының азаматы.
Ұлты - қазақ.


2006 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрік университетін бітірген.
«Панфилов ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімшесінің басшысы.
Өзін-өзі ұсыну.
Үлкеншыған ауылдық округінің әкіміне кандидат қасенов Әсет Рахимгелдіұлының сайлауалды Бағдарламасы

Үлкеншыған ауылдық округінің әкіміне кандидат болу мен үшін үлкен құрмет, маған деген үлкен жауапкершілік екендігін толық сезінемін. Егер де кандидатурамды халық қолдап, сенім білдірген жағдайда округ тұрғындарымен тығыз қарым-қатынаста болып, олардың әлеуметтік жағдайларының жақсаруына, талап-тілектерінің орындалуына, ауылдың көркеюі жолында адал қызмет ететіндігіме толық кепілдік беремін.
1. Округ әкімінің құзыретін қолданыстағы заң шеңберінде мемлекеттік, салалық бағдарламалардың, оның ішінде «Өңірлерді дамыту» бағдарламасының аясында Үлкеншыған ауылдық округінің халқы үшін өзекті мәселелердің оң шешімін табуына жұмыс жасаймын;
2. Сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету – ел ішіндегі көп көтерілетін мәселелердің бірі. Осы мақсатта ауылдарды сапалы сумен қамтамасыз ету үшін бар күш-жігерімді саламын. Сонымен қатар, ауылға газ құбырын тарту жұмыстарын қолға ала отырып, халықты газбен қамтамасыз етемін. Қаладағы жайлы тұрмыс – ауылға да жат емес. Сол себепті, газ құбырын тарту арқылы, халықтың әл-ауқатын жақсартуға атсалысамын;
3. Кәсіпкерлерге қолдау көрсете отырып, шағын және орта бизнесті дамыту арқылы жұмыссыздық деңгейін төмендетуге ықпал етемін. Кәсіпкерлердің мал бордақылау алаңдарын ашуына, жоғары сапалы ет, сүт өнімдерін өндіруіне қаражат көздерін қарастырып (несие алуға), ықпал етемін;
4. Тұрмысы төмен, аз қамтамасыз етілген, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсету мақсатында қайырымдылық шараларын тұрақты түрде өткізуге ықпал етемін. 2021 жылдың 6 айында Үлкеншыған ауылдық округі бойынша 45-ке жуық отбасы атаулы әлеуметтік көмек алушы болып табылады, алдағы уақытта аталған көмек алушылардың санын арттыруға жұмыс жасаймын;
5. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қысқа мерзімді оқу курстарына тарта отырып, оларды мүмкіндігінше жұмысқа орналасуына ықпал етемін;
6. Басты мәселелердің бірі болып ауыл көшелері болып табылады. Жоғары деңгейдегі ауқымды мәселе болып табылатын ауыл көшелеріне қазіргі талаптарға сай асфальт салуға уәде беремін;
7. Ауылдық округ аумағында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында аудандық полиция бөлімімен бірлесе жұмыс атқарамын;
8. Округ жанындағы бастауыш ардагерлер кеңесі, аудандық мәслихат депутаттары, жергілікті қоғамдастық мүшелері, көше комитетінің төрағаларымен, жігітбасымен тығыз байланыста жұмыс жүргіземін;
9. Жастардың оқу-тәрбие жұмысы түзелмей, жұрт ісі түзелмейді. Ғылым мен мәдениет барлық дүниенің алтын алқасы болып отыр. Осы тұрғыда Үлкеншыған және Қырыққұдық ауылдарына мәдениет үйлерін салу үшін қаражат қарастыруға уәде беремін;
10. Мектептер мен балабақшаларға баратын жолдардың жарық болуы басты шарттардың бірі деп білемін. Үлкеншыған, Кішішыған, Қырыққұдық, Ақкент ауылдарын жарықпен жарықтандыру үшін жұмыс жасаймын. Осы орайда ауылдағы байланыс сапасын жақсартуға, интернет желілерін дамытуға бар күш жігерімді саламын;
11. Денсаулық – байлықтан қымбат демекші, ауыл тұрғындарының денсаулығын жақсарту мақсатында медициналық мекемелерді жаңа медициналық жабдықтармен, ең бастысы білікті кадрлармен қамтамасыз етуге бар күш жігерімді жұмсаймын;
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді халық даналығы. Өзімнің күш-жігерімді, жұмыс тәжірибемді қолдана отырып, жоғарыда айтылған барлық бағыттар бойынша жұмыстарды тиісті мекемелермен, халықпен бірлесіп, жұмыс жүргіземін деп уәде беремін.

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4127839