«NUR OTAN» партИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

12.07.2021ж

Өткен аптада аудандық мәдениет үйінде «Nur Otan» партиясы филиалының кезектен тыс ХХІХ конференциясы өтті. Конференцияны аудан әкімі әрі «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының төрағасы Т.Өмірәлиев ашып, жүргізді.


Облыстық және аудандық мәслихат депутаттары қатысқан конференцияда биылғы жылдың 25 шілдесінде өтетін Шолақай, Бірлік ауылдық округ әкімдерінің сайлауына, «Nur Otan» партиясы Панфилов аудандық филиалынан ұсынылатын кандидаттарды бекіту мәселесі қаралды. Өз сөзінде өңір басшысы алдағы саяси науқанның маңыздылығын атап өтіп, сайлауға партия тарапынан ұсынылатын кандидаттарды таныстырып өтті.
Өз тілшіміз.