Қызыл кітапқа енген өсімдік және ұлар...

09.07.2021ж

ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің Қарасай ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты «Саты» шекара бөлімшесінің аумағында қызмет атқару кезінде шекарашылар Қызыл кітапқа енген өсімдікті заңсыз жинаған азаматтарды қолға түсірді. Сондай-ақ, шекара наряды өсімдіктермен бірге үш дана ұларды тауып тәркіледі.

 

Отандастарымыздың заңсыз қадамдары қатысты қос оқиға да 8 шілде күні орын алған. Алдын ала келіп түскен ақпаратқа сай әрекет еткен шекарашылар түнгі сағат 12-ден 40 минут өткенде Жалаңаш-Алғабас тасжолының бойында Қазақстан Республикасының қос азаматын мінген көлікті тоқтатқан. Жеңіл көлікті тінтудің нәтижесінде ішіне белгісіз өсімдіктер салынған 30 қапшық табылып тәркіленді. Өзінің салмағы шамамен 300 келіні тартады. Кейіннен белгілі болғандай, бұл – еліміздің «Қызыл кітабына» енген «Макратони красячая» деп аталатын өсімдік болып шықты. Сонымен қатар, көліктен үш ұлар табылды. Отандастарымыз өздерінің заңсыз әрекеттерін «Саты» шекара бөлімшесінің учаскесіндегі мемлекеттік шекарадан 20 шақырым жердегі Далашық деп аталатын аумақта іске асырған. Қолға түскендердің бірі шекарашыларға қарсылық танытып, қашуға тырысқан.
Ал дәл сол күні кешкі алтылардың кезінде шекара наряды «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық саябағының қызметкерлерімен бірлесіп, Жіңішке шатқалының бойынан 1986 жылы туған Е.Сыбанқұлмен бірге Қазақстан Республикасының төрт азаматын ұстады. Шекарашыларға өздерінің жеке бастарын куәландыратын құжаттарын көрсете алмаған азаматтардың көлігінен де қызыл кітапқа кірген өсімдіктің түрі салынған бес қапшық табылып тәркіленді.
Қазіргі сәтте шекара аймағында құрықталған азаматтар «Жалаңаш» шекара бөлімшесіне жеткізіліп, тексеру жұмыстары басталды.
Т.Дәулетбаева,
ҰҚК Шекара қызметінің запастағы подполковнигі