Мемлекеттік қызмет- абыройлы міндет

23.06.2021ж

23 маусым - елімізде мемлекеттік қызметшілер күні болып белгіленген. Жылдағы қалыптасқан үрдіске сай мемлекеттік қызметшілердің төл мерекесіне орай аудан әкімінің үлкен мәжіліс залында салтанатты жиын өтті.

 Онда халыққа қалтқысыз еңбек етіп жүрген жандар марапатталды. Шара барысында аудан әкімі Талғат Өмірәлиев мемлекеттік қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, мерекелік лебізін білдірді.

Мемлекеттік қызметкер ел алдындағы абыройлы да, жауапты жұмыс екендігі бәрімізге мәлім. Әсіресе еліміз үшін қызмет ететін мамандардың білімді де, білікті болуы еліміз үшін маңызды. Осындай еліміз үшін маңызды мереке аясында аудан әкімі Талғат Әбенұлы мен мәслихат хатшысы Ерғали Шоқпаров ауданымыздағы мемлекетіміз үшін еңбек етіп жүрген қызметкерлерге «Алғыс хаттар» мен грамоталар табыс етті.

Сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлер үшін білімін жетілдіру аясында өткен "сапалы қызмет" байқауы өткізілген болатын, байқау нәтижесі бойынша I-орынды Жаркент қаласы әкімі аппаратының жетекші маманы Ілияс Байжұма иеленді, II-орын Үлкеншыған ауылдық округі әкімінің аппаратының бас маманы Жансая Мұрат, III - орын Бірлік ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Динара Рақымбаева және Пенжім ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Нәзерке Сейтқазиева және белсене қатысқаны үшін Көктал ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы Әсем Нұрбекке ақшалай сертификаттар мен грамоталар табыс етілді.
Сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлер кәсіподағының үздігі медалі Бағира Жазылбекова мен Толқын Көшербаеваға табыс етілді.
Халқымызда "билігі мықты елдің тірлігі құтты болады" деген сөз бар. Сондықтан да қашанда жүгі де ауыр, биік міндеттерінің ауқымды және мақсатының мықты болары мемлекеттік қызметшілердің әрқашан жадында болуы шарт.
С.Әбдіреш

Күнтізбе

« Тамыз 2022 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

booked.net

  • Материалды қарау саны : 2737041