ҚАШЫҚТАН ОҚУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ зор

18.06.2021ж

Соңғы уақытта орын алған эпидемиялогиялық ахуалға байланысты тек біздің мемлекет қана емес, бүкіл әлем қашықтан білім беру жүйесіне көшкені баршаға мәлім. Бастапқыда баршамыз абдырап, біраз сарсаңға салынғанымызбен, уақыт өте келе бұл жүйеге де үйреніп, онлайн жұмысқа жаймен төселе бастадық.


Иә, алғашқы уақыттары тек оқушылар ғана емес, оқытушыларға да жаппай жаңа жүйеге көшу оңай бола қоймады. Әйткенмен қашықтан оқудың да тиімді тұстары жетіп артылады. Мәселен, қашықтан оқу балаларға білім алу ортасына толықтай енуіне мүмкіндік береді – сабақты оқып, тыңдау, берілген тапсырмаларды орындау, мұғалімдермен кеңесу, сондай-ақ сыныптастарымен желі арқылы байланысқа шығу.
«Қашықтан оқыту» дегеніміздің өзі жалпы білім беруші мен білім алушының арасында қашықтық бар екенін білдіреді. Бұл ОНЛАЙН режимінен мүлде бөлек. Онлайн жүйеде оқытушы мен оқушы дәл сабақ уақытында интернет желісіндегі тиісті платформа арқылы тікелей байланысқа шыға отырып, уақытылы сабақ өтіліп, кері байланыс орнатылады.
Жалпы жеке басыма қашықтан оқыту ұнады. Өйткені, жасыма қарамастан білмейтіндерімнің көп екенін түсіне отырып, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен телекоммуникациялық құралдарды тереңінен қолдана отырып, ZOOM платформасымен сабақ, сынып жиналыстарын өткізіп, WhatsApp мессенжері арқылы пікір алмасып, кері байланыс жасап жүрміз. Заман ағымынан қалмай жас өскіндермен қатар білімнің жаңа қырларын меңгеріп, көшке ілесіп келеміз.
Қашықтық болсын, дәстүрлі оқыту жүйесі болсын, әрқашан ізденіс үстінде болып, заманмен бірге жаңарып отырғанды жөн көремін.
Х.Ернебаева,
Жаркент көпсалалы колледжінің
арнайы пән оқытушысы.

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4124283