Ауылға барасың ба, балақай?

18.06.2021ж

Жазғы демалыстың да қызықты күндері басталды. Былтырғы жылы індет өршіп тұрғанда бала біткен жаз бойы виртуальді әлемге телміргені белгілі.

Бір кездері шет елге сапарлауды ұнататын қала балаларының дені қазір ауылға барып демалғанды жөн көріп отыр.
Жаз маусымы – қаладағы баланың ауылға, ауылдағы баланың қалаға асығатын кезі. Осындай мезгілде лагерьлердің де жұмысы қыза түседі. Десек те былтырдан бастап карантин шараларына байланысты көптеген шектеулер қойылды.
Биыл балалар үшін жазғы демалыс Білім және ғылым министрлігі ұсынған «Қазақстан балалары, жазды қуанышқа толтырайық!» тақырыбымен ұйымдастырылады. Жазғы лагерьлер 7 маусымнан 10 тамыз аралығында жұмыс істейді.