ХХ ғасырдың Гомері

18.06.2021ж

Жамбыл Жабаев көптеген жыр-толғаулардың және «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр» сияқты ірі эпикалық шығармалардың авторы. «ХХ ғасырдың Гомері» атанған ақынның шығармалары әлемнің ондаған тіліне аударылып, дүниежүзі елдеріне кеңінен танылған.


1941 жылы ақынға СССР мемлекеттік сыйлығы берілген.
Жамбыл Жабаев тоқсан жастан асқан шағында 1936 жылы Мәскеуде өткен Қазақстанның 10 күндігінде қатысып, кештің шымылдығын ашқан. Сол жылы Еңбек қызыл Ту Орденімен марапатталды.
«ХХ ғасырдың Гомері», жыр дүлдүлі, ғасыр ақыны, жыр алыбы атанған Жамбыл Жабаев қазақтың жүз жылдық тарихының ғана емес, арғы-бергі тарихының өмір шындығын көркем шындыққа айналдыра білді.