Жазғы демалыс - жан саулығы

11.06.2021ж

11.06.2021ж

Маусым айының 8 жұлдызында аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөнінде аудандық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Комиссия отырысын аудан әкімінің орынбасары, комиссия отырысының төрайымы Р.Мағрупова ашып, жүргізді.
Күн тәртібінде бір мәселе қаралды. Қаралған мәселе - кәмелет жасына толмаған балаларды жұмыспен қамту. Осы тақырыпта жұмыспен қамту орталығының директоры Қуандық Әшіржанов хабарлама оқыды. Ауданымыз бойынша 33 сәтсіз отбасы тіркелген. Оның 7 адамына жұмыспен қамту орталығынан қаржылай көмек көрсетіледі. 4 адам ақылы қоғамдық жұмысқа орналастырылды. 4 азамат тұрақты жұмысқа орналастырды.
Сондай-ақ Алматы облысының білім басқармасы Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Тұрар Қастеев хабарлама жасады. Өз сөзінде сәтсіз отбасынан шыққан балалардың жаз мезгіліндегі демалыс уақыттарын тиімді пайдалану үшін кәмелеттік жасқа толмаған балалардың жаздық лагерге тегін жатқызылуы үшін жағдай жасалып жатқандығын айтып өтті.
Аталған мәселе бойынша Жаркент қаласында орналасқан колледж басшылары кәмелеттік жасқа толмаған білім алушылардың құқық бұзушылықтың алдын алу, жазғы демалыс уақытын ұйымдастырылуы, қауіпсіздік ережелерін сақтау ережелерін үнемі бақылауда ұстап келе жатқандарын хабарлады.
Басқосу барысында жазғы демалыс уақытында түнгі рейд жұмыстарын жандандыру мақсатында іс-шаралар жоспарға сай жүргізілгендігі де айтылды.
Өз тілшіміз.