Ұлттық құндылықтарымыз ұлықталды

11.06.2021ж

#Qazaqstan30

Мемлекеттік рәміздер - республикамыздың дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы және еліміздің бүгіні мен өткені және болашағы арасындағы көрініс. Сондай-ақ рәміздер - еліміздің рухының биіктігі, даналығын, асқақтаған арман-тілегін айқындайтын құнды белгі.

Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтау мақсатында 4 маусым - мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында Тұрпан ауылында 13 метрден тұратын Ту тұғыры орнатылды. Көк байрағымызды тұғырлы мекеніне орналастырған - жергілікті спортшы, грек-рим күресінің жасөспірімдер арасынан Әлем және Азия чемпионы Сабаз Бағдат. Ал осындай игі істің ұйымдастырылуына ұйытқы болған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Марат Илипов. Ту тұғырын орнатуға ауылдың беделді азаматтары қаржылай көмек көрсетті. Мұндай жақсылық рәмізге ғана емес, тәуелсіз Қазақстанымызға деген құрмет десек қателеспейміз.
Өңір бойынша 13 метрлік ту тұғыры алғаш рет орналастырылып отыр. Бұл ауыл тұрғындары мен жас буын үшін үлкен қуаныш.
Ауыл азаматтары мұнымен тоқтап қалмақ емес, қалталы азаматтар ауыл балалары үшін спорт залының құрылысын да бастап жатыр. «Биыл тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойына әркім қолынан келгенше көркеюіне үлес қосу керек»,- дейді жергілікті кәсіпкер Жалғас Алтынбеков.
Ауыл тұрғындары ту тұғыры мен спорт залын бір жерге орналастырды. Мұның себебі көк байрағымызды спортта алдыңғы қатарда желбірететін спортшыларымыз көп болсыншы деген ниет.
Сондай-ақ игі істің жасалуына себепші болған азаматтарымызға ауыл ақсақалдары ақ батасын беріп, жақсы істің әрқашан тек жақсылыққа бағыттайтынын айтты.
Сымбат Сатыбалдықызы.

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4125253