Мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде колледждерге 7149 адам қабылданады

09.06.2021ж

Облыста 76 кәсіптік білім беретін мекеме бар, оның  43-і мемлекеттік мекемелер, 4-уі жабық  мекемелерде орналасқан, 33-і жекеменшік. Өңірдегі техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары  75 мамандық 133 біліктілік бойынша білім береді.

  «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасының аясында 2020-2021 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша колледждерге 7149  адам қабылдау жоспарланды, оның 1535-і «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың    2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде оқуға түседі.

«Жергілікті бюджет есебінен  5614 адам оқуға қабылданады. Оның  3410-ы жұмысшы және 2204-і – орта буын мамандықтары бойынша білімін жетілдірмек. Мемлекеттік тапсырыс 47 колледжге орналастырылады, 22-сі орта буын мамандарын даярлайтын болады»,-деп атап өтті Алматы облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Айжан Адамбекова.

Айта кетейік, ҚР Білім және ғылым министірлігі колледждерге түсуші үміткерлерге арнап арнайы квота бөлген. Тарқатып айтар болсақ:

1) I, II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар арасынан шыққан азаматтар үшін-1 пайыз;

2) жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысына  қатысушылар мен мүгедектерге теңестірілген адамдар үшін – 0,5 пайыз;

3) ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтарға ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін - 30 пайыз;

4) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін – 4 пайыз;

5) жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды, сондай – ақ,  кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын-1 пайыз;

6) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударған ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары үшін – 10 пайыз;

7) төрт және одан да көп кәмелетке толмаған бала тәрбиеленетін отбасылардан шыққан балалар-5 пайыз;

8) осы мәртебесі кемінде үш жыл Толық емес отбасылар қатарындағы балаларға-1 пайыз;

9) бала кезінен мүгедек балаларды, бірінші және екінші топтағы мүгедектерді тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балаларға-1 пайыз жеңілдік қарастырылған.

Орта білім ордаларына құжаттар күндізгі оқу бөліміне -  25 маусымнан - 25 тамызға дейін, ал оқудың кешкі және сырттай бөліміне - 25 маусымнан - 20 қыркүйек аралығында қабылданады.

 Колледждерге түсу үшін өтініш беру мемлекеттік қызмет болып табылады. Сондықтан, талапкер немесе оның ата-анасы колледжге немесе  "электрондық үкімет" веб-порталына жүгінеді және "техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес құжаттар топтамасын ұсынады.

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4129056