Панфилов ауданында Ту тұғыр орнатылды

04.06.2021ж

#Qazaqstan30
ҚР Мемлекеттік Рәміздер күні және ҚР Тәуелсіздігің 30 жылдығы қарсаңында Панфилов ауданының Тұрпан ауылында биіктігі 13 метрлік ту тұғыр орнатылды. Бұл аудан бойынша алғаш рет орнатылған ту тұғыр.

 Мемлекеттік Рәміздер күні қарсаңында ту тұғырды ауылдың белді азаматтары өз қаражаттарымен орнатқан. Сондай-ақ, іскер азаматтар ту тұғырдың дәл жанынан ауыл балаларына арнап, спорт залын салдыруда.

"Биыл Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы. Әркім өз туған ауылын көркейтуі керек. Біз ауыл азаматтарымен бірлесіп, осы спорттық залды салып жатырмыз"-дейді жергілікті кәсіпкер Жалғас Алтынбеков." Бүгін Рәміздер күні қарсаңында осы ту тұғырды орнаттық. Спорт залдың жанында әдейі орнаттық.Себебі көк байрағымызды спортшыларымыз да желбіретеді. Көк байрағымыз әрқашан осылай желбіреуі тиіс. Әр ауылдың балалары елімен, байрағымен мақтануы керек"-деді қайырымды азамат.

Көк байрақты ілу рәсімін жергілікті спортшы, грек-рим күресінен жасөспірімдер арасынан әлем және азия чемпионы Сабаз Бағдат жасап, ауыл ақсақалдары игіс істің басындағы азаматтарға ақ батасын берді.