Алматы облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» кадр резервіне 24 адам іріктелді

31.05.2021г

«Азаматтарға арналған үкіметтің» кадр резервіне іріктеу 2021 жылғы 1 наурызда басталып, 30 сәуірде аяқталды. 1-12 наурыз аралығында тіркеуден өткен қатысушылардан жалпы 1873 өтінім келіп түсті. Президенттік кадр резервінің тәжірибесін ескере отырып, үміткерлер бірнеше кезеңнен тұратын іріктеуден өтті. Олар тест тапсырып, сарапшылармен сұхбаттасты.

 

Қорытынды кезеңде үміткерлерді арнайы комиссия іріктеді, оның құрамына ҚР Парламентінің депутаттары, БАҚ өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, HR-мамандар, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері, Мемлекеттік корпорацияның директорлар кеңесі мен басқармасының мүшелері кірді.
Нәтижесінде Алматы облысы бойынша «Дарындылар пулына» 24 адам қабылданды. 
«Дарындылар пулы» жобасын ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қолдады, Мемлекеттік корпорацияда жұмыс істейтін қызметкерлердің жартысынан көбі жастар. Бұл жоба  – ел жастарына қоғамдық және әлеуметтік қолдау көрсететін негізгі қадамдардың бірі», – деді  «Азаматтарға арналған үкіметтің Көксу ауданы бойынша ХҚО бөлімінің басшысы Айдос Мүлікбай
Жобаның басты мақсаты – болашағынан үміт күттіретін қызметкерлерді табу, олардың құзыретін дамыту және алдағы уақытта бос басшылық лауазымдарға ұсыну.
«Жоба ұйымдастырушыларының бірі ретінде жоба басталған  күннен бастап басы-қасында жүрдім. Шынымен де бұл – бірегей  жоба. Іріктеу ашық әрі әділ өтті деп толық сеніммен айта аламын. Оған кез келген қазақстандық қатыса алды. Резервке өткендердің тағайындаулары басталып кетті, облыс бойынша Текелі қаласының тіркеу бөлімінің басшысы Тарыбаева Меруерт, Нұр-Сұлтан қаласына басқарма басшысы болып ауысты», – деді HR және СМЖ басқармасының басшысы Мадина Сыдыкова.
Іріктеуді әзірлеу кезінде «Президенттік Жастар кадр резерві», «Елбасы Академиясының салалық менеджерлері» және «Жас Өркен» сияқты ұқсас жобалардың тәжірибесі ескерілді. Осылайша, «Дарындылар пулы» Қазақстандағы кадрлар резервін құру бойынша төртінші ірі жобаға айналды.

В кадровый резерв «Правительства для граждан» отобраны 24 представителя Алматинской области

По итогам прошедшего отбора в резерв Госкорпорации «Правительство для граждан» в «Пул талантов» попали 353 человека. Из них – 24 человека отобрались от Алматинской области. Всего было подано около 2 тыс заявок. 
Претендентов отбирала специальная комиссия в состав которой вошли депутаты Парламента РК, представители СМИ, государственные и общественные деятели, HR-специалисты, представители Агентства по делам государственной службы и Агентства по противодействию коррупции, члены Национального совета общественного доверия, члены Совета директоров и Правления Госкорпорации. 
«Проект «Пул талантов» поддержал Президент РК Касым-Жомарт Токаев. Больше половины сотрудников, работающих в госкорпорации - молодежь. Этот проект дает шанс самым талантливым продвинуться дальше по карьерной лестнице», - сказал руководитель отдела ЦОН по Коксускому району Айдос Мулыкбай.
Теперь на вакантные руководящие должности в Госкорпорации будут назначать специалистов из кадрового резерва.  
«Пул талантов» - уникальный проект. Могу уверенно сказать, что отбор прошел прозрачно и честно. Принять участие в нем мог любой казахстанец. Уже есть первые назначения.» - Мадина Сыдыкова, рассказала руководитель управления HR и СМК. 
При разработке был изучен опыт аналогичны проектов - «Президентского молодежного кадрового резерва», «Отраслевых менеджеров Академии Елбасы» и «Жас Өркен». «Пул талантов» - стал четвертым страновым проектом по созданию кадрового резерва в Казахстане.

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4131296