Жол сапасы бақылауда

27.05.2021ж

Жуырда Жаркент қаласы және ауылдық елді мекендерде былтырғы жылы жөндеу жұмыстары жүргізілген көше жолдарының сапасына тексеру өткізіп, автомобиль жолдарының жағдайын көріп, жұрт пікірін тыңдады.

Мониторингтік топ құрамында аудандық полиция бөлімінің мемлекеттік автокөлік инспекторы мен аудандық мәслихат депутаты Қуаныш Құдайбергенов және «Nur Otan» партиясының аудандық филиалы төрағасының орынбасары Қанат Досмаилов болды.
Жолдардың күрделі жөндеуі бойынша жалпы ұзындығы 6,2 шақырымды құрайтын Жаркент қаласының Абай, Алиев, №14, №11 және Амреев көшелері, ұзындығы 3,5 шақырым Диханқайрат ауылының кірме жолына күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілуі ұйымдастырылып атқарылды.
Автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстарымен қала-ауылдық округтердің елді мекендері бойынша ұзындығы 3,1 шақырымды құрайтын 7 көше жолдарына орташа жөндеу жұмыстары атқарылды. Жолдардың құрылысы өз мерзімінде аяқталып, қолданысқа берілді. Олар Жаркент қаласының А.Машуров және Айдарлы ауылының Байғұттиев, Көктал ауылының Б.Майлин, М.Мәметова, Дарбазақұм ауылының М.Мәметова, Үлкеншыған ауылының Абай және Аққұдық ауылының Орталық көшелері болды.
Бұдан басқа Жаркент қаласының Батыс, Сарыбел ауылының Шәкен, Қызылжиде ауылының Уәлиханов, Үшарал ауылының Жамбыл, Шолақай ауылының Новостройка, Пенжім ауылының Б.Назым көшелерінің ағымды жөндеуіне жалпы ұзындығы 7,5 шақырым көшелерге ағымды жөндеу жұмыстары атқарылды.
Қазіргі уақытта жаңа салынған жолдардың сапасы сол қалпынша қанағаттандырарлық.
Сонымен қатар мониторингтік топ аудан аумағында биылғы жылы атқарылып жатқан республикалық және облыстық маңызы бар Көктал-Қорғас және Жаркент-Құндызды, Талды, Сарыбел, Басқұншы, Бірлік, Үлкенағаш ауылдық округтеріне кірме жолдардың жұмысымен де танысты. Жолдардағы шұңқырлар жабылып, жол жиектері ретке келтірілуде.
Мониторингтік топ бірлесіп, жол жөндеуші мердігер мекемелерге халық тарапынан түскен сын ескертпелерді жеткізіп, сапалы жөндеуді тапсырды.
Сонымен қатар 2021 жылы аудандық маңызы бар көше жолдарына күрделі, орташа, ағымды жөндеу жұмыстары жоспарланған. Атап айтқанда:
Күрделі жөндеу жұмыстары бойынша Жаркент қаласының ұзындығы 2,1 шақырым №1 және Алматинская, ұзындығы 4,8 шақырым Сыпатаев, Ходжамьяров көше жолдарын жөндеу жұмыстары, орташа жөндеу жұмыстары бойынша Жаркент қаласының ұзындығы 1,1 шақырым Қожбанбет би көшесі, ұзындығы 3,6 шақырымды құрайтын Керімағаш ауылына кірме жолын, ағымды жөндеу жұмыстары бойынша Әулиеағаш ауылының Елубаев көшесіне жөндеу жұмыстары атқарылады.
Аталған жол құрылысы жұмыстары ағымдағы жылдың мамыр айынан басталады.
А. Саурықов,
«Панфилов ауданының
жолаушылар көлігі және
автомобиль жолдары бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы.

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4125278