БАЛА ҚУАНЫШЫ - БІЗДІҢ ҚУАНЫШ

27.05.2021ж

«Ананың көңілі - балада, баланың көңілі - далада»,-деген халық нақылы бар. Ата бабаларымыз осы нақылды бекер айтпаса керек. Өйткені бала атаулының бар ойы ойын ойнау екені шындық. Дүниеге келген әр бала өз бетінше жүріп-тұрғаннан бастап ойын арқылы өседі.

Уайым-қайғысыз ойын ойнаған бала кішкентай кезінен бастап қоғаммен араласуды, қоршаған ортамен тіл табысуды үйренеді. Ал бүгінгі дамыған заманда әрбір үйдің жанында әртүрлі әткеншектер орнатылған балалар ойнайтын аула болу қажеттілікті тудырып отыр. Ал осы балалар ойын алаңдарын салу жұмыстары қаржыға келіп тірелетіндігі белгілі.
Жуырда Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаменті жедел-техникалық бөлім бастығы подполковник Е.Ұлтанбековтың басшылығымен офицерлер құрамы қалашығына 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай балалар ойын алаңы салынып, пайдалануға берілді. Осыған орай олар «Бала - көңілдің гүлі, көздің - нұры»,-деген халық даналығын басшылыққа ала отырып, ойын алаңын олар өз қаражаттары есебінен әрі жұмылған жұдырықтай бірлесе отырып, тұрғызуға атсалысты. Атап айтқанда, балаларға қуаныш сыйлаған ойын алаңында балаларға арналған әткеншектер, сырғанақ, өрмелеуіштер және т.б. орнатылды. Ойын алаңы түрлі-түсті сырлармен әсемделіп, безендірілді.
Үйдің алдындағы ойын алаңқайлары – әр адамның балалық шағының бір бөлшегі. Балалар күніне орай салынған осы ойын алаңдары жадыраған жаз мезгілінде олардың күміс күлкісімен жайнап тұратындығына сенімім мол. «Ойын әткеншектерін өз қолымен темірден өрнек ойып жасаған кіші сержант Р.Алымбекке, қызметкер А.Илиевке ерекше алғысымызды білдіргіміз келеді. Сондай-ақ барлық қалашық тұрғындарына және жеке құрамның атсалысқан әскери қызметшілеріне қалашық тұрғындары атынан ақжарма алғысымызды білдіргіміз келеді»,-деген ата-аналар бала қуанышы - баршаға ортақ қуаныш екендігін жеткізді.
А.Қуантайқызы.

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4142365