ӨЗ ТІЛІҢ - БІРЛІК ҮШІН, ӨЗГЕ ТІЛ - ТІРЛІК ҮШІН

27.05.2021ж

Мақаламыздың тақырыбы айшықты айтылып тұрғандай, тіл тағдыры бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының ХІІ құрылтайында «Үштұғырлы тіл» туралы идеяны жариялаған болатын.

Ал, 2007 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа қазақстан» деп аталатын Жолдауында «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын кезеңдеп іске асыруды ұсынып, Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс екендігін атап өтті.
Тіл – ұлтымыздың тұғыры. Тіл – өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем. Туған тіліміздің абыройын асқақтатып, мәртебесін асыру – елім дейтін әрбір адамзаттың басты борышы. Озық әлемдердің қатарына еніп, ұлттық келбетіміз бен болмысымызды, мәдениетіміз бен әдебиетімізді, салт-санамыз бен дінімізді паш етіп, насихаттау осы ана тіліміздің еншісінде екендігін ұмыт қалдырмайық.
Қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қарым-қатынас тілі, ағылшын тілі - жаһандық экономикаға еркін араласуға ұйытқы тіл. Яғни, өз тілің - бірлік үшін, өзге тіл - тірлік үшін екенін әрбір көзі ашық адам түсінуі керек деп ойлаймын.
А.ХамЕтжанова

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4130465