Жаңа мүмкіндіктерге жол ашылмақ

27.05.2021ж

 Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов «мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Алматы облысының әлеуметітк-экономикалық дамуы» туралы брифинг өткізді. 

  Көңілге қонымды, алдағы уақытқа ным сенмімен қарауға себепші болатын тың жобалар мен міндеттер айқындалды бүгінгі брифинг барсында. Атап айтқанда, білім саласы мен туризм, шағын және орта бизнес мәселелеріне кеңінен тоқталды. Осы тұрғыда айта кету керек облыс әкімінің ерекше назар аударып отырған туризм саласы Алматы облысының айтарлықтай дамуына себепші болмақ. Өйткені, облысымыздың ішкі туризм мен отандық өндірісті дамытуға ықпалы мол.

         Сондай-ақ биылғы жылы облысымызда 28 мектептің құрылысы жоспарланғандығы қуантты. Соның 19-ы үш ауысымдылықты болдырмау мақсатында салынатын болады. «Білім беру саласында педагогтарға, оқушылар мен студенттерге қашықтан оқу мен жұмыс істеу технологияларын меңгеруге тура келді. Біз облыс бойынша 81 мың компьютер сатып алуға, 12,3 млрд. теңге бөлдік, 24 мың мектеп компьютері мұқтаждарға уақытша пайдалануға берілді. Демеушілер қаржысы есебінен қосымша 2110 бірлік оргтехника берілді», - деді А. Баталов.