Алматы облысында биыл 28 мектеп салынады

27.05.2021ж

Алматы облысында биылғы жылға 28 мектептің құрылысы жоспарланған, соның 19-ы – үш ауысымдылықты болдырмау мақсатында салынады. Сонымен қатар жеті мектеп іске қосылды, соның төртеуі үш ауысымды мектептердің орнына пайдалануға берілді.

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов айтты, - деп хабарлайды Jetisy Media

- Білім беру саласында педагогтарға, оқушылар мен студенттерге қашықтан оқу мен жұмыс істеу технологияларын меңгеруге тура келді. Біз облыс бойынша 81 мың компьютер сатып алуға, 12,3 млрд. теңге бөлдік, 24 мың мектеп компьютері мұқтаждарға уақытша пайдалануға берілді. Демеушілер қаржысы есебінен қосымша 2110 бірлік оргтехника берілді, - деді А. Баталов. 
Сол сияқты ол өз сөзінде 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі мекемелермен қамту деңгейі 98% жеткенін де атап өтті. «Тағы 166 балабақша ашып, қамту деңгейін 2022 жылға қарай 100%-ға жеткіземіз», - деді спикер.
[27.05, 18:29] Акмарал: А. Баталов: «Биыл тұрғындардың 61%-інің табиғи газға қосылуына мүмкіндік туады»
Өткен жылы облыс тұрғындарының 59%-іне, яғни 1,2 млн. адамның газға қосылуына мүмкіндігі туғызылды. Биылғы жылы тағы 23 елді мекенде осындай жағдай жасалып, көрсеткіш 61%-ке жетеді. Бұл туралы бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг кезінде Алматы облысының әкімі Амандық Баталов айтты, - деп хабарлайды Jetisy Media.
Өңір басшысының айтуынша, әзірге көгілдір отын жеткізілмеген бес аудан қалды: «Осы аудандарды газдандыру үшін «Талдықорған - Үшарал», «Шелек-Кеген» магистралды газ құбыры құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын аяқтаймыз. Құрылыс жұмыстары келесі жылдан басталады», - деді А. Баталов.
Сол сияқты спикер орталықтандырылған ауыз сумен қамту деңгейі республика бойынша алдыңғы қатарда екенін тілге тиек етті, яғни 98,3%, бұл 678 елді мекен қамтылды деген сөз. Биылғы жылы 7 ауылға су құбырын жүргізу есебінен бұл көрсеткіш 99,5% жеткізіледі, сол сияқты 11 ауылда ауыз су сапасы жақсартылады.
Баяндамашының сөзіне сүйенсек, жылдан жылға жол сапасы да жақсарып келеді, қазіргі кезде жақсы және қанағаттарлық жағдайдағы жергілікті маңыздағы жолдардың үлесі - 84%. Биылғы жылы 385 елді мекенде облыстық маңыздағы және ауылішілік 332 км жол жөнделеді, оған 33 млрд. теңге бөлінді.